Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 августа 2020 14:36

Алматыда 75 мыңнан аса оқушыға компьютер жетпейді - білім басқармасы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда 75 мыңнан аса бала мен 2 мыңнан аса мұғалімге компьютер жетпейді. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 75 мыңнан аса бала мен 2 мыңнан аса мұғалімге компьютер жетпейді. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман қалада қанша оқушы мен мұғалімге қашықтан білім алу үшін компьютер жетпейтінін айтты. 

"Балалар мен мұғалімдерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 75 мыңнан аса бала мен 2 мыңнан аса мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету керегі белгілі болды. Аталған мәселені шешу үшін жұмыстар ұйымдастырылды", - деді Қайрат Жұманов ОКҚ онлайн-брифингте.

Ол бұл жұмыстардың орындалатынын айтты.

"Маска тақпайды, асханаға бармайды". Әлем елдерінде сабақ қалай өтеді?

Сондай-ақ, спикер компьютер алуға көмектесіп жатқан мекемелер мен тұлғаларды атап өтті.

"Жергілікті бюджет ақшасынан 20 мыңнан аса компьютер алынады. Бүгінде барлық келісімшарт жасалды, жеткізіп беруін күтіп отырмыз. 38 мыңнан аса компьютер техникасы, оның ішінде ноутбук, планшетті Үкіметтің резерв қорының ақшасына алынады. Сондай-ақ 22,5 мыңнан аса аз қамтылған отбасыға компьютерлік техника жергілікті бюджеттің ақшасына алынады. 14 мыңнан аса компьютер мектептен оқушыларға уақытша беріледі. Бұдан бөлек 150 ноутбукты СІМ, сондай-ақ Қазақстандық дипломаттар бірлестігі және ҚР балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин берді. Олар аз қамтылған отбасылардың балаларына таратылды", - деді Қайрат Жұманов.

Еске салайық, биыл ЖОО, мектеп және колледждерде қашықтан оқытыла бастайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.49   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети