Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 марта 2018 14:06

Алматыда алдағы екі жылда сүрілетін үйлердің картасы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Алматыда 2020 жылға дейін тозығы жеткен 833 тұрғын үйді және сейсмикаға төзімсіз жалпы ауданы 352,7 мың шаршы метр пәтерлердің тұрғын үйлерін бұзу қарастырылып отыр. Бұл туралы шаһар әкімдігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында айтылады.


Алматыда 2020 жылға дейін тозығы жеткен 833 тұрғын үйді және сейсмикаға төзімсіз жалпы ауданы 352,7 мың шаршы метр пәтерлердің тұрғын үйлерін бұзу қарастырылып отыр. Бұл туралы шаһар әкімдігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында айтылады.

Ал осы сүрілген үйлердің орнына жаңа құрылыс салу нәтижесінде 584 көппәтерлі тұрғын үй салып, жалпы ауданы 1,2 миллион шаршы метр жаңа баспананы пайдалануға беру жоспарланған.  

"Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес тозығы жеткен тұрғын үйлерді кезең бойынша бұзу және жаңа тұрғын үй қорының құрылысы үш бағытта қарастырылған: Шоғырландырылған қаражат есебінен Алматы қаласы әкімдігінің КҚК ЖШС қаржысын пайдалану жолымен, "Алматы тұрғын үй" ЖШС арқылы "ҚИК" ИҰ" қаржыландыруын тарту, Құрылыс басқармасының қатысуымен "Алматы қаласының аумағында тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу" мекенжайлық инвестициялық карталар аясында сыртқы инвестицияларды тарту", - делінген әкімдік жауабында.

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері қалада тозығы жеткен және сейсмикалық тұрғыда әлсіз болғандықтан сүрілгелі жатқан үйлердің картасын ұсынды. 

Картада сүрілетін үйлер қызылмен белгіленген. Бұл картадан нақты мекенжай бойынша үйлер мен аумақтарды тінтуірмен жақындатып, қарауға болады.

Ұсынылған картаға қарағанда, ең көп үйлер Сейфуллин даңғылының бойында, сондай-ақ, Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында біршама үй сүріледі. Сонымен қатар, алдағы екі жылда Райымбек - Қалдаяқов - Төле би - Бәрібаев шаршысында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіледі. Ең көп сүрілетін үйлер Райымбек даңғылының бойында Күдерин мен Павленко көшелерінің аралығында.

Пилоттық кезеңде Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы КММ Алматы қаласы құрылыс басқармасы КММ бірлесіп құрылыс бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, аумақтарда құрылыс салудың кешенді жобаларын әзірлеу үстінде.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аудандық әкімдіктер жобаны жүзеге асыру шекарасында тұрғын және тұрғын емес жайларға құқық тағайындаушы құжаттардың көшірмелерін жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Кепіл, тұтқын түрінде ауыртпалықтардың болуы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектер, заңсыз жапсаржайлардың болуы, ресімделмеген мұрагерлік, жекешелендіру және тағы солай салыстыру үстінде. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы КММ бұрыннан тұрғандарын көшіру, қайта жаңғырту немесе жаңа магистралдық және орамішілік инженерлік желілер мен имараттар құрылысы бойынша техникалық талаптар дайындайды. Инвестор жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаланың Қала құрылыстық Кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін  көшіру үшін жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асырады", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері.

Еске салайық, 2016 жылы Қала құрылысы Кеңесінде тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша 9 тұжырымдамалық жобалар қаралып, әлеуметтік нысандарға 3 тараптық меморандум жасалғаннан кейін инвесторлар тарапынан жобалау жұмыстары басталып кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети