Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2020 16:38

Алматыда автобусқа 13 адамнан артық отырмайды - басқарма басшысы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда карантин енгізілгеннен кейін автобус жолаушыларының саны 80 пайызға азайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда карантин енгізілгеннен кейін автобус жолаушыларының саны 80 пайызға азайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Almaty телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты.

"Соңғы апта нәтижесіне сәйкес, жолаушылар ағыны 80 пайыздан астам төмендеген. 7 сәуірдегі ақпарат бойынша 114 қалалық маршрутқа 991 автобус жұмысқа шығып жүр. Бір автобуста күніне жолаушылар саны - 107 адам. Осылайша, бір рейстегі жолаушылардың орташа саны 12-13 адамнан аспады. Автобус бір айналып өткенде орташа жолаушылар ағыны 25 адамнан аспайды. Бұл жолаушылар үшін қажетті қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді спикер.

Спикердің айтуынша, метродағы жолаушылар саны да күрт азайған.

"Метрода жолаушылар ағыны 90 пайызға төмендеп кетті. Сондықтан метро қазіргі таңда демалыс күнгі кестемен жұмыс істеп жатыр. 4 вагон жүріп тұр. Бұл вагондарда әр рейстен кейін ДЕПО-да дезинфекция жұмыстары жүргізіледі", - деп қосты басқарма басшысы.

Айта кетейік, Алматыда қалааралық және қала маңынан қатынайтын маршруттардың жұмысы тоқтатылды. Оларды қалпына келтіру төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін ғана іске асады.

Сонымен қатар, Алматыда барлық ұйымның жұмыс уақыты қысқаруына байланысты қоғамдық көлікті кешкі сағат 19.00-ге дейін жүргізу қарастырылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети