Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 декабря 2021 16:58

Алматыда балалар арасында ЖРВИ жұқтыру дерегі көбейді - дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қазір қалада тұмау жұқтыру жағдайлары жиі тіркеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қазір қалада тұмау жұқтыру жағдайлары жиі тіркеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қалада 5 желтоқсанда 282 адам инфекциялық ауруханаларға түскен. 

"ЖРВИ-дің 9 927 жағдайы тіркелді. Мұны 100 мың адамға шақсақ, 487,9 көрсеткіші шығады. Бұл былтырғы көрсеткшіпен салыстырып қарасақ, 3,2 есе көп екен. Яғни биыл, ЖРВИ де қатты жүріп жатқанын көрсетеді. Былтыр өсім саны 148,71 болса, биыл - 487,9. ЖРВИ-мен балалар да көп ауырып жатыр. Ол - 61 пайыз", - деді Лаура Мырзағали ӨКҚ баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол қалада барлық клиника мен ауруханалар көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Қалада қазір ересектердің, балалардың инфекциялық ауруханалары жұмыс істеп тұр және де тағы екі клиника қосымша көмектесіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети