1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Алматыда кинотеатрлар қалай жұмыс істейді? Бекшин жауап берді26 октября 2020, 18:04

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрлар жұмыс істеуі үшін қандай талаптар орындалуы керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

"Қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 22 қазанда ауру жұқтырудың 44 дерегі тіркелді. Алайда біз жағдайды тұрақтандыру үшін мониторинг жүргіздік. Қазанның бірінші аптасында ауру жұқтырдың 3-4 дерегі тіркелді. Алайда өткен аптада коронавирус жұқтырудың 15-20 жағдайы болды. Аурудың күнделікті өсімі 0,1 пайызға дейін жетті. Сондықтан біз осы күндері мониторинг жүргіздік. Кейін аурудың таралу деңгейі төмендеді", - дейді Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашыладыК

Кинотеатрлар қалай жұмыс істейді?

Сондай-ақ, ол Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша бүгін кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бізге ең маңыздысы - халықтың денсаулығы. Сондықтан біз ахуалды бақылап, бүгін рұқсат беріп жатырмыз. Алайда кинотеатрлардың жұмысы бақылауда болады", - дейді Бекшин.

Оның айтуынша, кинотеатрлардағы орындардың саны 30 пайыздан аспауы керек.

"Кинотеатрға келетін көрермендердің саны 50-ден аспауы керек. Сонымен қатар, келушілер тепловизормен тексеріледі. Онда санитайзерлер болуы шарт. Ғимаратты желдетіп отыру керек. Көрермендер шахмат тәртібімен орналастырылады. Арақашықтықты сақтау маңызды. Осы талаптарды сақтағанда ғана кинотеатрлар жұмыс істейді", - дейді Алматы қаласы бас санитар дәрігері.

Қорқор пайдалануға тыйым салынады

Жандарбек Бекшин қаладағы қоғамдық тамақтану объектілерінде қорқорды (кальян) пайдалануға тыйым салынғанын жеткізді.

"Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №57 қаулысымен медициналық объектілерде санитариялық дезинфекциялық режим алгоритмі сақталады. Сауда үйлеріндегі фудкордтар ашылмайды, олардың қызметіне тыйым салынады. Сауда ойын-сауық орталықтарының толтырылуы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метрге кем емес, Қазақстан бас санитар дәрігерінің талаптарын сақтаған кезде олардың жұмысына рұқсат беріледі", - дейді ол.

Сонымен қатар, Алматы қаласының бас санитар дәрігері базарлар қалай жұмыс істейтінін айтты.

"Азық-түлік емес және жабық азық-түлік тауарларының қызметіне толтырылуы 30 пайыздан аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда бұл нысандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, 50 пайыздан аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрге кем емес, №57 қаулысын сақтап отырып, моншалар мен сауналардың қызметіне рұқсат берілді. Бұрынғы қаулыда моншалар мен сауналар толық жұмыс істейтін еді", - дейді Бекшин.

Оның айтуынша, қаладағы қоғамдық көліктің жұмысына шектеу қойылмайды.

"Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің №57 қауласын сақтап отырып, жұмыс кестесі сағат таңғы 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді", - дейді ол.

Туристер вирусты қайдан жұқтырып жатыр?

Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы шетелден келген қазақстандықтар COVID-19 жұқтырып жатқанын атап өтті.

"Мысырдан келгендердің арасында ауру жұқтырудың 14 дерегі тіркелді. Олар Шарм-әл-Шейхтен келген. Екінші орында, Түркия: ауру жұқтырудың 8 жағдайы. Туристер Ыстамбұл, Антальядан келген. Тексеріс барысында олардың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Үшінші орында Біріккен Араб Әмірліктері. Мұнда 6 қазақстандық коронавирус жұқтырған. Барлығы инфекциялық стационарға оқшауландырылды. Туристермен байланыста болғандар тексеріліп, медициналық бақылауға алынды", - деп түйіндеді сөзін Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда 14 662 адам COVID-19 жұқтырды. 14 181 науқас айықты, 279 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 542-ге жетті. 105 675 науқас жазылды, 1 796 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!