Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2020 13:24

Алматыда мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың бағасы бірдей болады - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы орындардың ақшасын төлейді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаев балабақшаларда әлі де орын жетіспейтінін және тұрғындардың көбі балаларын мемлекеттік балабақшаға бергісі келетінін айтады.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар ашу үшін мемлекеттік тапсырыс беріледі.

"Бізге қолдау көрсетілді, таяуда бұйрық шығады. Сол кезде жекеменшік балабақшаларда қосымша орындар пайда болады. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді, бағалары бірдей болады", - деді Сағынтаев.

Қала әкімі осы мақсатта қала бюджетінен шамамен үш миллиард теңге бөлінетінін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети