Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 января 2022 09:25

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: ұсталғандардың қаншасы қарақшы?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 2300 адам ұсталған. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 2300 адам ұсталған. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Терроризмге қарсы операция басталғалы ішкі істер органдарына жалпы 2300 адам жеткізілді. Олардың 236-сы қарақшы және жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар болды, олар қамауға алдынды. 84 адам комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 

7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалғаны белгілі, онда 1347 қару ұрланған. Осыған байланысты арнайы тергеу тобын құрып, қабылданған шаралардың арқасында 127 қару тәркіленді. Оның 58-і аңшылық дүкеннен ұрланғаны анықталды. Сондай-ақ, 4000-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді", - деді Қанат Таймерденов Алматы қалалық жедел штаб отырысында. 

Қарақшылар 1600-ден аса сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келгені де хабарланды.

"Барлығы 1097 қызметкер зардап шекті. Медициналық мекемеде жатқаны бесеу. Екеуінің жағдайы ауыр. 9 қызметкер қаза тапты.

Келтірілген залал алдын-ала есептеулер бойынша, полицияның 5 фронт-кеңсесі жанып кетті. Алмалы полиция бөлімі басқармасы ғимараты зардап шекті. 49 модульдік полиция бөлімінің 19-ы жанып кетті. 15 экологиялық полиция бекетінің 13-і жанып кетті. 165 көлік зақымдалды. Оның ішінде 64 көлік жөндеуге келмейді", - деді Алматы Полиция департаментінің басшысы. 

Бұған дейін Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам қаза тапқанын айтқан болатын. 

Еске салайық, 1 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бейбіт митинг болды, кейінірек ол тәртіпсіздіктерге ұласты. 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер елдің 11 өңірінде жалғасты. Қатысушылар саны 50 мыңға жетті, қаңтардың 5-не қараған түні террористер Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын және "Алматы" халықаралық әуежайын басып алды.

Оқиғалар хронологиясы және құқықбұзушылықтарды тергеу туралы деректер жарияланды

6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен елде антитеррористік операция өткізілетіні жарияланды. Осы күннен бастап құқық қорғау органдары мен Қарулы күштер террористерді жою үшін қару қолдана бастады.

8 қаңтарда жағдай біртіндеп тұрақтана бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети