Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июня 2021 14:42

Алматының эпидахуалы жақсарып келеді - Табынбаев

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматының эпидемиологиялық ахуалы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының эпидемиологиялық ахуалы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Табынбаевтың айтуынша, 7 маусымдағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырудың 70 786 жағдайы тіркелген, оның 54 846-сында симптом белгілері бар, 15 940 - симптомсыз, ал 1 809 жағдайда - анықталмаған пневмония.

"6 маусымдағы жағдай бойынша, 143 жаңа жағдай тіркелді. Инфекциялық стационарларда барлығы 1 258 адам жатыр. Жедел жәрдемге бір тәулікте түскен қоңыраулардың саны - 1850-1930. Ал ауруханаға жатқызу деңгейі мамырдың ортасынан бастап 190-200-ден тәулігіне 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты, эпидемиологиялық ахуалдың салыстырмалы түрде қолайлы ағымын сақтай отырып, ковид жұқтырған науқастарды қаланың арнайы ауруханаларына жатқызу жоспарланып отыр", - деді Табынбаев.

Табынбаевтың айтуына қарағанда, 14 маусымнан бастап Қалалық орталық клиникалық ауруханасы мен И.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалдарында ковид стационары жабылып, қалыпты жұмыс режиміне оралады.

Айта кетейік, Алматы қаласында 316 407 адамға вакцинаның бірінші дозасы, 201 517 адамға екінші дозасы салынған.

Бекшиннің болжамы орындалды: Алматы "қызыл" аймақтан шықты

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети