Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 мая 2020 15:46

"Анасы жалғыз қалғанда еңбекке ерте араласқан". Әкімнің 22 жастағы кеңесшісі Самира Тайтенова кім?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

Ауылдан шыққан 22 жастағы Самира Тайтенова кеншінің отбасында дүниеге келген. 17 жасқа толғанда әкесінен айырылған қыз студент күнінен еңбек ете бастайды. Бүгінде Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болған жас маманмен Tengrinews.kz тілшісі әңгімелесті.


Ауылдан шыққан 22 жастағы Самира Тайтенова кеншінің отбасында дүниеге келген. 17 жасқа толғанда әкесінен айырылған қыз студент күнінен еңбек ете бастайды. Бүгінде Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болған жас маманмен Tengrinews.kz тілшісі әңгімелесті.

Ақмола әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенов ауылдық мектепте оқыған. Кенші отбасында бір ұл, бір қыз болып өседі. 

"Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кентінде туып-өстім. Ауылдық мектепте білім алдым. Әкем 2015 жылы қайтыс болды. Кезінде кенші болған. Анам қазір қойма меңгерушісі болып істейді. Анам әкем қайтыс болғанға дейін жұмыс істемеген. Әкемнен айырылып қалған соң жұмысқа шығуға тура келді. Отбасында екі баламыз. 1994 жылғы ағам бар. Ол патрульдік полицияда қызмет етеді", - дейді Самира отбасы туралы.


Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

Анасы жалғыз қалғанда студент қыз еңбекке ерте араласқан. Мамандығы - заңгер.

"2015-2019 жылдар аралығында Көкше академиясында заңгер мамандығын тәмамдадым. Анама жалғыз өзі екі баланы оқытуға ауыр болмасын деп студент кезден жұмыс істеп келеміз", - деді ол.


Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

Жас маман "Адалдық алаңы" жобасына қалай келгенін айтып берді.

"Нұр Отан" партиясының "Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел" деген жобасы болған. 2016 жылы сол жобаға жетекшілік еттім, содан кейін "Қоғамдық бақылау" жобасында істедім. Былтырдан бері "Адалдық алаңы" басталды. Серіктес ретінде қалыптасқандықтан, маған ұсыныс түсті. Солайша 2019 жылғы мамыр айынан бастап жергілікті жердің "Адалдық алаңына" келдім", - деді Самира.


Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

22 жастағы қыз Ақмола облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Содан соң жас маманнан әкімнің кеңесшісі болуға кім ұсыныс айтқанын сұрадық.

"Оны былай түсіндірейін. Қазір республика бойынша барлық "Адалдық алаңы" жобасының жетекшілері штаттан тыс кеңесші болып жүр. Сондықтан бұл - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы. Қазір бірінші басшылармен тығыз байланыста болу үшін осындай мүмкіндік беріліп отыр", - деді жас кеңесші. 


Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Штаттан тыс кеңесші әкіммен қаншалықты жиі кездесетінін де білдік.

"Жалпы әкім біздің жобаның ("Адалдық алаңы" - авт.) стратегиялық жетекшісі болғандықтан, ай сайын аппарат кеңесінде жобаның жұмысы қорытындыланады. Сол кезде мен немесе менің кураторым - облыс әкімінің орынбасары қатысады. Аппарат кеңесіне барлық басқарма басшылары, жауапты тұлғалар қатысып, мәселелер талқыланады", - деді маман.


Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

Самира жоба жетекшісі ретінде негізгі міндетіңіз қандай дегенге сұраққа "халық пен билік арасындағы "көпірміз" деп жауап берді.

"Жақында біз - жергілікті жердегі "Адалдық алаңы" жетекшілері болып халыққа үндеу жасадық. Халық үніне құлақ асатын мемлекет концепциясы бойынша біз халық арасында наразылық болып қалса, сұрақтар туындаған жағдайда біз бірінші басшыларға жететіндей екі ортадағы "көпірміз". Қазір Агенттіктің басты ұстанымы - қолжетімділік. Сондықтан біз жедел түрде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықтың шағымын жеткіземіз. Сондай-ақ бізге орталықтан ай сайын жобалық тапсырмалар келеді. Соны орындаймыз", - деді ол.


Фото: Самира Тайтенованың жеке мұрағатынан

Самира Тайтенованың айтуынша, ол болашақта кім болатынын жоспарламаған. Алайда оның "қазіргі мақсаты - жетекшілік етіп отырған жобасын адал атқару".

"Қазір көп ұсыныс түсіп жатыр. Бірақ менің мақсатым осы жобаны іске асырып, республикалық деңгейде орындау. Ал, әзірге басқа қызмет атқарғым келмейді. Осы жұмысымды адал атқарсам, кейін көре жатырмыз. Сондықтан бар ойым - осы жобаны жақсылап жүргізу, өз міндетімді жақсы, адал орындау", - деді облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети