Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 апреля 2020 12:28

Әр өңірде әскери жиындарға шақыру мерзімі белгілі болды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еліміздің екі қаласы мен төрт облысында әскери міндеттілер шақырылып, арнайы жиын бөлімшелері құрылған. Қалған өңірлерде белгілі мерзім бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің екі қаласы мен төрт облысында әскери міндеттілер шақырылып, арнайы жиын бөлімшелері құрылған. Қалған өңірлерде белгілі мерзім бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев айтты.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында арнайы жиындардың бөлімшелері құрылды. Ақтөбе және Атырау облыстарында әскери міндеттілерді шақыру жалғасып жатыр. 13 сәуірде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде Жамбыл, 17 сәуірде Түркістан облысында шақыру басталады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында әскери жиындарға шақыру мәселесі қаралып жатыр. Жергілікті атқару органдарының басшылары жағдайға байланысты жиын өткізуге қатысты өздері шешім қабылдайды", - деді Боранбаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы жарлық шығарған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети