1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Армениядан жеткізілген көлікті неге сатуға болмайды?

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан жеткізілетін автокөліктер күн сайын көбейіп жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қаңтарда қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Tengrinews.kz тілшісі шетелде тіркелген көлікті Қазақстанда заңдастыру үшін не істеу керегін баяндайды. 

Қазақстанда тіркеуден өтетін көліктерге қойылатын басты шарт

Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін Армениядан кірген көліктерді тіркеу басталды. Қазіргі таңда барлығы 33 көлік тіркеуден өткен. Бұл туралы Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында айтты. 

Жандос Мұратәлиев тіркеуден өтетін көліктерге қойылатын басты шартты атады. 

"Тіркеуден өтетін көліктерге қойылатын басты шарт - біріншіден, көліктің рөлі сол жақта тұруы керек. Екіншіден, тіркеуге керек құжаттар: жүргізушінің жеке куәлігі, көліктің техникалық құжаты, көлікті міндетті түрде қызмет көрсету орталығына алып келіп, тексеруден өтуі қажет. Кассаға төленетін соммасы 12 мың теңгеден аспайды", - дейді Мұратәлиев. 

Көлік оны шетелден сатып алып келген адамның атына заңдастырылуы керек

Одан бөлек, шетелден келетін көлік міндетті түрде көлікті сатып алып келген азаматтың атына тіркелуі қажет. 

"Көлік міндетті түрде тек көлікті сатып алып келген азаматтың атына тіркеледі. Алматының базасына сәйкес қала тұрғындары 501 көлік алып келген. Оның ішінде 119 көліктің рөлі оң жағында, 88 көлік былтыр және биыл тіркелген", - дейді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы. 

Шетелден келген көліктерге сары нөмір беріледі

Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, жалпы шетелден келетін көліктерге арнайы сары нөмір беріледі. 

"Ол сары нөмір азамат қай өңірге тіркелсе, соған байланысты беріледі. Алматы қаласының тұрғыны 02-аймақ, Алматы облысы болса 05-аймақ деген секілді. Сары нөмір көлік басқа азаматтарға бұл көлік сатыла алмайтынын білдіреді. Жалпы Қазақстан бойынша ешқандай шектеусіз жүре береді. Тұрғылықты жері бойынша салығын төлеп, айыппұл салынса соны төлеп жүре береді. Бұл көліктер Қазақстанда тіркеуде тұра береді", - дейді Жандос Мұратәлиев. 

Армениядан келген көліктерді тіркеуде тағы қандай шарт бар?

"Алматыға Армениядан барлығы 501 көлік келген. Олардың ішінде шын мәнінде көлік 300 адамның атына тіркелген. Яғни, көптеген азамат өзінің атына ондаған көлік жазып алған. Бірақ қаулыға сәйкес автокөлік Арменияда тіркеу куәлігі берілген азаматқа ғана жазылуы керек. Егер сіз аудармашының көмегіне жүгініп, көлікті тіркеу куәлігінің арт жағын қарайтын болсаңыз, ең соңында "басқа көлік иесіне берілмейді" деп жазылған. Армениядан көлікті тіркеу куәлігі берілген кезде біздің азаматтар ол көлік құралы басқа адамның атына жазуға не сатуға болмайтынынан хабардар болды. Себебі ол Арменияда жеңілдік тарифі бойынша берілген, кеден салығы төленбеген", - деп түсіндірді Жандос Мұратәлиев.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?