Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июня 2020 12:50

Арыстағы жарылысқа бір жыл: қаладан 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменті шығарылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Арыс қаласында жарылыс болған аумақтың ауданы 500 гектардан асады. Бір жыл бойы Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ-дәрінің фрагменті шығарылды. Оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Бұл туралы  ҚР Қарулы күштері оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының басшысы Нұрәлихан Асанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арыс қаласында жарылыс болған аумақтың ауданы 500 гектардан асады. Бір жыл бойы Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ-дәрінің фрагменті шығарылды. Оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Бұл туралы  ҚР Қарулы күштері оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының басшысы Нұрәлихан Асанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір жыл бойы Арыс қаласынан төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде құрама отряд жұмыс істеді. Ай сайын саперлар мен басқа да әскери мамандар ротацияға сәйкес өзгеріп отырады. Іздестіру топтары, мин-инженерлік барлау және минасыздандыру топтары жақын маңдағы ауылдық округтердің 300 шаршы шақырымнан астам егістік алқаптарын қарады. Мобильді іздестіру саперлік тобы жергілікті тұрғындардың 740-тан астам өтінішін пысықтады. Соның арқасында 4,5 мыңнан астам оқ-дәрілер залалсыздандырылды. Сүңгуірлер Арыс өзенінің 30 шақырымнан астам арнасын тазалады", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, жарылыс болған аумақтың ауданы 500 гектардан асады. Жергілікті учаскіде жалпы ауданы 130 гектардан астам жердің бетінде жердің бетінде тазарту жұмыстары жүргізілген.

"Жақын жердегі қоймалардың аумағында әуеден барлау және жер бетінде жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен квадрокоптер пайдаланылды. Саперлар 2 мыңнан тоннадан астам оқ-дәрі фрагменттерін жинады. Жарылысқа қауіпті емес фрагменттерді ашық алаңда сұрыптайды. Мұны жарылысқа қауіпті емес заттардың болмауы үшін жасайды. Бір жыл бойы Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ-дәрінің фрагменті шығарылды. Оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Тасымалдау үшін әскери қарауылдармен бірге 5 мыңнан астам автокөлік рейстері орындалды.

Жарылыс қаупі фрагменттерді жою бойынша негізгі жұмыстар Арыс қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан полигонда жүргізілді. Жарылғыш заттарды ұрлау және азаматтық ортаға ену фактілерін болдырмау үшін, сондай-ақ оқ-дәрі фрагменттерін, түрлі-түсті сынаптарды заңсыз сатуға жол бермеу мақсатында алдын ала рейдтер жүйелі түрде жүзеге асырылды", - деді ол.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, құқық сақтау және қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарымен бірлесіп, тәулік бойы көшелерде патрульдеу ұйымдастырылған. Бұдан бөлек әскери қызметшілер құрылыс жұмыстарына белсене қатысып, коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекция жүргізген.

Еске салайық, 2019 жылы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. 

Төтенше жағдайдың төртінші күні Арыс тұрғындары үйлеріне оралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланып, кейбірі қызметінен босатылды.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Арыстағы жарылыстан мемлекетке шамамен 20 миллард теңге көлемінде шығын келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети