"Асығыс дайындалған". Депутат ардагерлер туралы заң жобасын сынға алды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов "Ардагерлер туралы" заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов "Ардагерлер туралы" заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 Оның айтуынша, бұл заңды еңбек ардагерлері асыға күткен.

"Осы заңды асыға күтіп жүрген ардагерлер тобының бірі - еңбек ардагерлері. Ұлы Отан соғысының қатысушылары бұл заңды күткен жоқ. Себебі, қазіргі қолданыстағы заң олардың әлеуметтік мәселелерін шешкен. Бұл заңды еңбек ардагерлері күтті. Мен заң жобасын қарап шықтым. Қазіргі қолданыста пайдаланып отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оған қатысушылар мен мүгедектер және оларға теңестірілгендерге берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы заң қазіргі заң жобасымен үндес", - деді Еңсегенов сенаттың жалпы отырысында.

Ол Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдардың санаты осы заңға толық көшірілгенін атап өтті. Осы орайда депутат заңның шикі тұстарына тоқталды.

"Заңға тек 4 санат қосылды. Ол - Тәжік-ауған, Ирак, Таулы Қарабах және Чехословакиядағы ұрыс қимылдарына қатысқандар. Сонымен қатар еңбек ардагері санатына Қазақстанның Еңбек Ері қосылды. Өкінішке қарай, басқа санаттағы ардаргерлер бұл заң жобасына кірмей отыр. Мұндай жағдайда бұл заңның орнына жаңадан қосылған 4 санатты қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, қабылдаса болар еді. Бұл - менің жеке ойым", - деді сенатор.

Сондай-ақ Сәрсенбай Еңсегенов заңда кей санаттағы топтарға әлеуметтік кепілдік қарастырылмағанын жеткізді.

"Қазіргі қолданыстағы заңда Ауған соғысының ардагерлері Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген. Алайда заңда оларға кепілдік емес, әлеуметтік шара ұсынылады. Ұсыным мен кепілдіктің арасында айырмашылық бар. Мұндай қолданыстағы заңмен бекітілген кепілдіктердің бірнеше түрі қазіргі ұсынылып отырған заң жобасында жоқ", - деді ол.

Сенатор заң жобасы асығыс дайындалғанын атап өтті.

"Бұл мәселелердің барлығын пысықтау керек. Бұл заң асығыс дайындалған сияқты. Мұны болашақта ескеру керек деген ойдамын. Заңды әлі талқылау керек еді", - деп түйіндеді сөзін Еңсегенов.

Депутаттар заң жобасын қызу талқыға салып, оны қабылдады.

Айта кетейік, осыған дейін мәжіліс "Ардагерлер туралы" заң жобасын мақұлдағанын хабарлағанбыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.31  course up  610.36  course up  6.69  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 22
Астана 13
Актау 26
Актобе 15
Атырау 25
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 13
К
Караганда 13
Кокшетау 15
Костанай 25
Кызылорда 14
П
Павлодар 14
Петропавловск 16
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 21
Тараз 26
Туркестан 21
У
Уральск 16
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 22

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer