Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 апреля 2021 11:53

"Ата-анасымен бірге жұқтырады". Елордада 39 бала ауруханада жатыр

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 39 бала ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұратовтың айтуынша, балалар коронавирусты ата-анасымен бірге жұқтырады және бірге емделеді.

"Дәл қазір қалалық станционарларда 39 бала жатыр, жас ерекшеліктері 0-18 жас. Олар әдетте коронавирусты ата-аналарымен бірге жұқтырады және бірге емделеді. Балалар арасында аурудың ауыр түрде өту жағдайы жоқ және қайтыс болғандар жоқ", - деді Тимур Мұратов онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері Сархат Бейсенова жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 3705 жағдайдың тіркелгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети