Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2020 16:15

Атырау облысында дәрігерлер коронавирусты жүкті әйелден жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Атырау облысында медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясын жүкті әйелден жұқтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясын жүкті әйелден жұқтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Спикердің айтуынша, комитеттің еліміздегі өңірлік департаменттері дәрігерлердің денсаулығын тексеріп, коронавирус жұқтыру фактілері мен себептерін анықтаған.

"Комитеттің өңірлік департаменттері медициналық қызметкерлердің денсаулығына талдау жасады. Коронавирус инфекциясының барлық ошағы бойынша медициналық қызметкерлердің жұқтыру себебін анықтады. Бірінші жағдай Алматы қаласындағы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында тіркелді. Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің деректеріне қарағанда, медициналық қызметкерлердің тәулік бойы стационарларда қалуы ауруды жұқтыруға себеп болған. Ол кезде медициналық қызметкерлерге тұратын үй-жай қарастырылмаған болатын. Сондай-ақ, медқызметкерлер 10 сағат бойы немесе тәулік бойы жұмыс істегеннен әлсіреген", - деді Бюрабекова.

Атырау облысында медициналық қызметкерлер жүкті әйелден жұқтырған. Себебі олар жеке басын қорғау шараларын сақтамаған.

"Атырау облыстық ауруханасында жүкті әйел COVID-19 диагнозына күдікті болып келгенмен, ол коронавирус инфекциясы болуы мүмкін деген қауіппен қаралмаған. Медициналық қызметкерлер жеке басын қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтамаған",  деді комитет төрайымы.

Еске салайық, соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 979 адамнан коронавирус анықталған. 110 адам сауықты, 12 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети