"Ауырып шыққан дұрыс". Министр халық арасындағы жаңсақ пікір туралы айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Халық арасында "коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан дұрыс" деген пікір бар. Бірақ бұл COVID-19-дан кейінгі асқынуларға әкеп соғады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Халық арасында "коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан дұрыс" деген пікір бар. Бірақ бұл COVID-19-дан кейінгі асқынуларға әкеп соғады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғындар арасында "коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан дұрыс" деген пікір бар. Бірақ бұл ковидтен кейінгі асқынуларға әкеп соғады. Ол иммундық жүйеге кері әсер етіп, созылмалы аурулар күшейеді, өкпе, бауыр, жүрек секілді маңызды органдардың жұмысын бұзады. Ковидтен кейінгі кезең де ұзақ, оңай емес. Көпжылдық тәжірибе вакцинация әлемде аурудың алдын алып, таралуына жол бермейтінін көрсетті", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Алексей Цой әлемде вакцина арқылы көптеген аурудан сырқаттану деңгейі төмендегенін атап өтті.

"Вакцинация 400 жылдан астам уақыт бойы адамзатты шешек, оба сияқты қауіпті, өлімге әкелетін аурулардан қорғап келеді. Соңғы 30 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың 870 еседен артық төмендегені, халық арасында "В" вирустық гепатитімен сырқаттанудың 150 есеге, көкжөтелмен сырқаттанудың 7,3 есеге төмендегені байқалды. Қазіргі уақытта полиомиелит, дифтерия, сіреспе, қызамық сияқты инфекциялар ұмытылды", - деді министр.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. 10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 13 мыңнан аса медицина қызметкері вакцина салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer