Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июля 2019 19:35

Бақытжан Сағынтаев тағы бір жауапты қызметке сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев. © Nur Otan партиясының баспасөз қызметі Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев. © Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Таяуда ғана оңтүстік астананың әкімі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Алматы қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таяуда ғана оңтүстік астананың әкімі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Алматы қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы партияның Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясында белгілі болды. Сағынтаевтың сайлануын партия активі бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы қаласына келген еді.

Байбек партияның барша қазақстандықтарды біріктіретін еліміздегі ең басты күш екенін айтты. Одан бөлек, xалықтың ұсыныстары мен шағымын тыңдау қажеттігін, бұл - Елбасы, партия төрағасының тікелей тапсырмасы екені айтылды. Сондықтан адам құқықтары мен еркіндігін қорғау, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, оны оң шешу, қашанда елмен етене болу партия жұмысының басым бағыты болып саналады.

"Біздің басты міндет - халықтың сенімін күшейту. Өйткені біз халықтың партиясымыз. Сондықтан біз саннан сапаға басымдық беріп, партия қатарында белсенді түрде "тазалау" жұмыстарын жүргіземіз, - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Бауыржан Байбек партияның көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты барлық әлеуметтік топпен жұмыс істеуі керектігін де тілге тиек етті.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 28 маусымда Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети