Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 мая 2019 15:55

Бала неге өтірік айтады - Ата-ананың сөзден іске көшетін кезі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© o-kroha.com © o-kroha.com

Бала неге өтірік айтады? Бұл ата-аналардың психологтарға жиі қоятын сұрақтарының бірі. Бір қарағанда ол балалық болып көрінгенімен, психологтардың айтуынша, бұл дабыл қағатын мәселе. Себебі баланың өмірінде барлығы жақсы болса, ол өтірік айтпайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психология ғылымдарының кандидаты Әлия Болтаева айтып берді.


Бала неге өтірік айтады? Бұл ата-аналардың психологтарға жиі қоятын сұрақтарының бірі. Бір қарағанда ол балалық болып көрінгенімен, психологтардың айтуынша, бұл дабыл қағатын мәселе. Себебі баланың өмірінде барлығы жақсы болса, ол өтірік айтпайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психология ғылымдарының кандидаты Әлия Болтаева айтып берді.

Психологтың айтуынша, баланың өтірік айтуы - бұл баланың ата-анаға берген сигналы. Бұл жерде ең маңыздысы сол өтіріктің себебін анықтауға тырысу керек. Осы ретте маман баланы өтірік айтуға итермелейтін бірнеше факторды атап берді.

Баланың өтірік айтудағы ең басты себебі - жазадан қорқу

- Жазаланудан қорыққан жағдайда;
- Нашар тәртібі үшін жазаланудан қашу үшін немесе ата-аналардың өтірікке деген көзқарасын анықтап алу мақсатында алдауы мүмкін;
- Басқа біреуді таңдандыру мақсатында асырып айтады;
- Басқалардың назарын өзіне қарату мақсатында айтуы мүмкін;
- Өзін ата-анасына бұрынғыдан да жақсы көрсеткісі келгенде;
- Ата-ана баланың белгілі бір іс-әрекетіне тыйым салғанда да баланың өтірік айтуы әбден мүмкін.

"Бала бірдеңені бүлдіріп немесе сындырып қойса және оны өзі мойындаса, ата-анасы оны жазалайды. Ал бір рет осылай жазаланған балада жазадан қашу мақсаты, яғни қорғану мақсатында өтірік айту әдеті қалыптасады. Сондықтан керісінше жасырмай шындықты айтқаны, яғни өз әрекетін мойындағаны үшін ата-ана мақтап қойса, бала психологиясында тура сөйлеуге деген қорқыныш болмайды", - дейді психолог.

Бала үш жасынан өтірік айта бастайды

Оның айтуынша, баланың ең алғашқы өтірік айтуы өзінің жағымсыз қылықтарын ата-анасынан жасырғысы келгенде пайда болады.

"Мысалы, әр жастағы балалардың психологиясына тоқталатын болсақ, екі жасқа дейінгі балалардың даму кезеңі толығымен анасына байланысты. Ал үш жасынан бастап бала барлығын өзі жасағысы келе бастайды. Ата-анасына еркелеп айтқанынан қайтпай, өз қалауын жасатқысы келеді. Бірақ ата-анасы қалауын орындамаса, ол өзінің айтқанын жасау мақсатында өтірік айта бастайды. Бірақ ол өзінің ата-анасын өтірік айтуымен ренжітетінін және оның дұрыс емес екенін байқамайды да. Баланың өтірігі деп баланың сол өтірігі арқылы өз қажетін, өз пайдасын жүзеге асыруын айтамыз", - дейді психолог.

Осылайша, Болтаеваның сөзіне сүйенсек, балалар өтірік айту арқылы белгілі бір мақсатты көздейді.

"Мысалы, балалар төрт жасқа дейін пайдасын білмей тұрып мақтау алу мақсатында өтірік айтса, 5-6 жастан бастап кінәсін мойындамай жазаланудан қашу мақсатында, 6-8 жасынан бастап өз дегенінен қайтпай, өзінің тәуелсіз екенін дәлелдеу мақсатында өтірік айтады. Сондай-ақ, ата-ана тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейтін балалардың да өтірік айтуға бейім екендігін байқауға болады. Бала ата-анасын сыйламағандықтан немесе оларды жақсы көрмегендіктен алдамайды, керісінше олардың махаббатынан айырылып қалмау үшін өтірік айтуға барады", - дейді Әлия Болтаева.

Ешқашан "сен өтірікшісің" деп айтуға болмайды

"Мұнда индивидуал қадам жасау қажет. Ең бастысы алдын-алу шаралары жазалау, қорқыту, тыйым салу сипатында емес, баланың тұлғалық ерекшеліктерін (мінез, темперамент және тағы басқа) ескере отырып құрылу қажет әрі позитив бағытта болу қажет. Осы кезде бала өтірікке емес, кінәсін мойындауға бейімделе бастайды. Ал екіншіден, баланы өтірік айтқаны үшін бірден жазалауға асықпау керек. Үшіншіден баланы өтірік айту керек болатын жағдайлардан аулақ ұстауға тырысу қажет. Мүмкіндігінше ақталатындай сәтсіздіктерінде көмектесуге де дайын тұру керек. Себебі осындай ағат қылықтары кезінде ата-анасы ұрысып немесе айғайласа бала өзін жайсыз сезініп ақталуға тырысып, тағы өтірік айта бастайды.

Сондықтан керісінше сабырлы қалыпта ескертіп, шығу жолын ақылмен айтатын болса бала дискомфорт сезінбейді Балаға ешқашан "сен өтірікшісің" деп айтуға болмайды. Мұндай сөздер баланың өз-өзіне деген сенімін жоғалтып, одан сайын өтірік айтуға итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балардың тағы бір ерекшелігі олар тез еліктегіш, тез бейімделгіш болып келеді.Үлкендердің, көп жағдайда ата-ана­сының балаға өтірік айтуы, шын­дықты жасыруы оң нәтиже бе­ре бермейді", - дейді психолог.

Баланың алдында өтірік айтудан сақ болған жөн

Болтаева бұл мәселеде отбасының рөлі зор екенін айтады. 

"Бала психологиясын зерттеген белгілі ғалым, педагог Пол Коулмен ересектер аптасына 30 рет өтірік айтатынын және сол адамдардың баласы да өтірікке ұмтылып отыратынын тұжырымдаған болатын. Расында да солай. Сондықтан ата-ана баланың алдында өздері өтірік айтудан сақ болғаны жөн. Бала ата-ананың айтқанын емес, күнделікті көзімен көрген қылықтарын өз тәжірибесінде қайталайды.

Америкалық психолог Пол Экман да өтіріктің түрлерін анықтаған болатын. Экман баланың өтірік айтып, дағдылануына жоғарыда айтылғандай жазадан қорқу, өтірік айту арқылы өзіне қажетті нәрсені алу, өтірік айту арқылы ортаның назарын өзіне аудару, керексіз жағдайлардан өзін аулақ ұстау, өз өмірін қорғау, өзінің дұрыс айтқанын дәлелдеу және өзінің белсенділігін, өзін өзгелерден үстем қылып көрсету жағдайлары себеп болатынын айтқан еді. Осының барлығы сайып келгенде бала психологиясында жиі көрінетін мінез-құлықтармен біте қайнасып жатады. Сондықтан отбасында алдап, өтірік айту сияқты әдеттерден аулақ болған дұрыс", - дейді психолог.

Оқи отырыңыз:

"Бұзықтық қалып, дағдарыс басталатын сәт". Психолог тентек бала тәрбиесі жайлы

Қандай баладан диванда жатып елді сынайтын ересектер шығады - Психолог тәрбие жайлы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети