Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 мая 2019 18:19

Баланы байқауға қатыстырудың пайдасы мол, зияны ше?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала өнерлі, спортқа жақын немесе белгілі бір салада білімі жақсы болса, неге оны түрлі сайыс, байқауға қатыстырмасқа? Десе де, алғашқы жеңіліс баланың сағын сындырып қоймай ма? Ата-ана қалай қолдау көрсету керек? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап-білді. 


Бала өнерлі, спортқа жақын немесе белгілі бір салада білімі жақсы болса, неге оны түрлі сайыс, байқауға қатыстырмасқа? Десе де, алғашқы жеңіліс баланың сағын сындырып қоймай ма? Ата-ана қалай қолдау көрсету керек? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап-білді. 

Психолог Майра Намгенқызының айтуынша, бала байқауға ата-ана емес, өзінің қалауымен қатысуы керек. 

"Кей ата-ана "мына байқауға менің балам қатыссыншы" деп жанын беріп, ұйымдастырушылармен сөйлесіп, жүгіріп жүреді. Оған басқа қатысушылардың мықтырақ екені маңызды емес. Яғни, баламен санаспайды. Ол дұрыс емес. Мұндай мықты балалардың арасында жеңіліс тапқан баланың еңсесі түседі, өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Сондықтан байқау ұйымдастыру алдында мектеп, балабақша аралық үлкен сын жасау керек. Одан жеңіп шыққан мықтылар ғана байқауға барсын", - дейді психолог.

Психологтың айтуынша, бала жеңілістен ынта алып қайтуы керек.

"Намысты қолдан берме", "Жеңіспен орал" деген сөздер баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Себебі үйіне жеңіспен оралмаған бала ата-анамның үмітін ақтамадым-ау, жеңе алмадым деген ойлармен өзін жегідей жеп, бағасын жоғалтады, сенімсіз бола бастайды. Сондықтан балаға "Қатысып көр", "Бағыңды сына", "Ізден" деген қолдау сөздерін айту керек. Ол сайыстан сағы сынып емес, жігерленіп, жеңуге деген ынтамен, қызығушылықпен оралуы керек", - дейді маман.

Қабілетті аша білу де өнер. Психолог ата-аналарға баланы байқауға күштеп қатыстырмауға кеңес берді. 

"Баланың шын мәнінде қабілеті қай салаға бұрып тұрғанын анықтай білу маңызды. Мысалы, ол математикаға емес, әдебиетке жақын болуы мүмкін. Сондықтан оған таңдау беру керек. Жарысқа ата-ананың немесе басқа адамның айтқанымен қатысып, жеңіліп қалған баланың сабаққа ынтасы болмай, жақындарымен қарым-қатынасы нашарлап кетуі де әбден мүмкін", - дейді психолог. 

Ал психолог Анаргүл Маулиқызы байқаудың балаға жағымды және жағымсыз әсерін айтты. 

"Ата-ана баланың қызығушылығымен санасуы керек. Сонда барып бала бойында сенім, коммуникативтік қасиеттері шыңдала түседі, достары көбейеді, ойын ашық жеткізуге дағдыланады. Әрине, өмірдегі кез келген құбылыстың кері тұстары болады. Жиі байқауларға катысатын бала жеңіліске тап болғанда ашушаң болып кетуі мүмкін немесе тұйықталып қалады. Кейде тіпті ол ренішке жол беріп, жақсылыққа сенуден қалады, мақсат қоюға қызығушылығы болмайды. Байқауға қатысу - үздіксіз қорқыныш, стресс. Ал стресс баланың жүйке жүйесіне зор әсерін тигізеді", - дейді ол. 

Десе де бала көңілі бос. Көрсетілген қолдауға қарамастан жеңілгенде жабырқап қалуы мүмкін. Ондайда психолог мынадай сөздерді айтуға кеңес береді:

"Өмір тек жеңістен тұрмайды. Ең бастысы сен катысып көрдің, сәттілік осы, жолы басқаға бұйырды. Сен мықтысың, мен сені жетістігіңе қарап қана жаксы көрмеймін, сен мен үшін қашан да мықтысың". 

Ал Baqytty Bala фестиваль-байқауының PR директоры Назым Жангазинова байқауға жиі қатысатын балалардың ашық, сөзі нақты, ұялшақ емес, көзге бірден түсетінін айтады. Оларды басқа балалардан ажырату оңай екен. 

"Психологтар жеңілуді мотивацияның бір түрі дейді. Себебі, мақсатқа жетіп, қосымша күш-жігерді ояту үшін, шынымен де кейде жеңілу пайдалы. Бұл трамплин секілді, артқа шегініп алға ұмтылу. Бала байқауға қатысар алдында әрине біз де қолдауды аямаймыз, "Жеңімпаз орын алған адам емес, байқауға қатысып, өзін-өзі жеңген адам" деп психологиялық нұсқау береміз. Сонда бала жеңілісті жеңіл қабылдайды. Бұл оларға кейінгі өмірде де көмектеседі", - дейді ол. 

Байқау ұйымдастырушылары да баламен жұмыс істеу тәсілдерін білуі қажет. Айтуынша, жарыстарға дайындық барысында әр баламен жеке дайындық жүргізіледі. 

"Ұйымдастырушылар жағынан біз де балаларға психологиялық көмек көрсетеміз. Жалпы Baqytty Bala фестиваль-байқауының шорт-тізіміне өткен балалар 5 күн бойы арнайы демалыс үйінде тұрып, байқауға дайындықтан өтеді. Дайындық барысында мамандар әр баламен жеке жұмыс істейді, вокалға дайындайды, моральдық қолдау көрсетеді. Ата-аналарымен де бөлек әңгіме жүргізіп отырамыз, онда балаларға қолдаудың қаншалықты маңызды екенін айтамыз", - дейді Назым Жангазинова.

Ұйымдастырушы ата-аналарға баласының талантын жасырмауға, байқаулардан қорықпай қатыстыруға кеңес береді. Себебі бала ашылып, дамып, талантын сезуі керек.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети