Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июля 2020 17:55

"Баласынан коронавирус жұқтырған ата-ана қайтыс болды". Тоғжанов отбасылық іс-шараларды тоқтатуға шақырды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Санитарлық талаптарды сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соққан жағдайдар тіркелген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санитарлық талаптарды сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соққан жағдайдар тіркелген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Нұр-Сұлтаннан Көкшетаудағы ата-анасына келген бала отбасы мүшелеріне коронавирус жұқтырған. Салдарынан ата-анасы қайтыс болған.

"Санитарлық талаптарды сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғып отыр. (...) Қостанай облысының Жітіқара қаласында асқа келген бір адам сегіз адамға вирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласынан коронавирус симптомдары бар жігіт Көкшетаудағы ата-анасына келіп, байланыс жасағаннан кейін 15 адамға жұқтырған. Өкінішке қарай, кейін ата-анасы қайтыс болды. Қарағандыда бір адам мерейтойға жиналған 16 адамның 8-іне вирус жұқтырған. Осы қалада әкімдік 200-ден аса адам жиналған түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Бәрі дерлік маскасыз, қашықтық сақтамаған. Қазақстан бойынша мұндай мысалдар көп.

Ол қайғылы жағдайға бармай, телефон арқылы көңіл айтуды сұрады.

"Бізге қазір кез келген отбасылық шара мен қонаққа баруды тоқтату керегін түсінетін уақыт келді. Қайғыны бөліскіңіз келсе, телефон арқылы жасасаңыз болады. Бүгінде егер әр азамат күш салмаса, мемлекет не дәрігерлер, қоғам коронавирусты жеңе алмайды", - деп қосты Тоғжанов.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке карантин режимін 2 аптаға ұзартуды тапсырды.

Айта кетейік, Қазақстанда 87 664 адам COVID-19 жұқтырды. 57 815 науқас айықты, 793 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети