Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 февраля 2020 17:56

"Балталап тастаған", "Коронавирус". Жұртты дүрліктірген жалған ақпараттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Бұл оқиғаға қатысты желіде түрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты тараған фейк-жаңалықтарды жинап шықты.


7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Бұл оқиғаға қатысты желіде түрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты тараған фейк-жаңалықтарды жинап шықты.

"Адамды балталап тастаған" - фейк 

Желіде қақтығыстың неден басталуына қатысты түрлі ақпарат тараған. Мысалы, жаппай төбелестің басталуына қария мен балалардың өлімі себеп болды деген қауесет болған.

Бірақ ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл шындыққа жанаспайды", - деді Абаев ОКҚ-дағы брифингте.

Брифингтен кейін журналистер Абаеватан Желіде тарап жатқан Масанчиде "қарт кісі мен балаларды балтамен шапты" деген ақпараттың анық-қанығын сұрады.

"Адамды балталап тастаған деген ақпарат жалған", - деді Абаев.

"Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы жабылды" -  фейк 

Қақтығысқа байланысты Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара жабылды деген ақпарат тараған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қордай ауданындағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара учаскесінің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Шекараны жаппадық. Бұл қауесет, ақпарат шындыққа жанаспайды. Штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз", - деді ведомство баспасөз қызметінде.

"Төбелес короновирус үшін шықты" - фейк 

Қордай ауданындағы қақтығыстың видеосы Желіде кең таралған. Бұл видеоға қатысты шетелдік басылымдар басқаша ақпарат таратқан. Көбінің жазатыны осындай - "Қазақстанда коронавирусқа қатысты қытайлық мейрамханалар мен үйлерді өртеп жатыр".

Осындай ақпаратты испан, неміс және ағылшындар Twitter желісі қызу талқылап жатыр. Кей телеарна мен басылымдар да осындай ақпарат таратқан. Кейбірі "Қақтығыс қазақ қартының коронавирустан қаза тапқанын басталды" деп те жазған.

Мысалы, Al Jazeera телеарнасы "Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты қазақтар мен хуэй (дұңғандар) этникалық өкілдері арасында төбелес болған. Хабарлама бойынша, қытайлық мейрамханалар мен кәсіпорындар қираған", - деп хабар таратқан.

Шетелдіктер коронавирус үшін төбелес деген видео Мансанчидегі қақтығыста түсірілген. Бұл қақтығыстың вирусқа түк қатысы жоқ. Дәурен Абаев Қордай ауданындағы қақтығыстың тұрмыстық жанжал екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети