Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 февраля 2019 18:29

Бекболат Тілеухан бас прокурордан Әлімбекова ісіндегі ақ-қараны анықтауды сұрады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан сотталған әнші Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан сотталған әнші Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 ақпанда жолданған сауалда депутат сот ісіндегі қылмыс құрамының жеткіліксіздігіне тоқталады.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде сайлаушылардың талап-тілегін ескере отырып, осы мәселеге сіздің де назарыңызды аудартқым келеді. Сотталушының шағым хатына қарағанда, Гаухар Әлімбекованың өзі де алаяқтық құрбандарының бірі болған сыңайлы. Көпшілікті алаңдатып отырған бірінші мәселе де осы - істе қылмыстық құрамның жетімсіздігі", - делінген депутаттың сауалында.

Мәжіліс депутаты екінші мәселе деп "өнер адамдарының болмысынан аңғал, заң мен құжатқа салақтау келетінін" атап отыр. 

"Көмектесем деп жүріп қателесіп, бір ғана адамның қаржысын біреуге алып берген адамды алаяқ атандырып, сан адамды сан соқтырған қылмыскердей көрсетіп жатқанымыз қаншалықты орынды болар екен? Үшіншіден, тіпті, айыпталушы жаза басып, заңға қайшы әрекет жасаған күннің өзінде, 6 жылға бас бостандығынан айыру - тым қатаң жаза емес пе? Одан жүздеген есе көп қаржыны қалтаға басқандар да алған сомасын орнына қойып, жазадан құтылып кетті емес пе? Қоғамға қауіпті қылмыскер емес, бұрын заңды бұзушылық жасамаған адамның жазасын айыппұлмен, ары кеткенде, шартты жазамен неге өтетпеске?", - деген депутат бас прокурордан істің мән-жайын қайта тексеруді сұрайды.

"Сайлаушылардың талап-тілегі - осы істің ақ-қарасы қайта бір тексеріліп, жазығы болған күннің өзінде жазасына жеңілдік сұрау. Бұқараның өтінішін қанағаттандыруыңызды, нәтижесімен бізді хабардар етуіңізді сұраймын", - делінген сауалда.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін әншінің адвокаты істің мән-жайын айтып берген. Артынша өнер жұлдыздары оған араша сұрап, мәлімдеме жасаған еді.

Желіде Гауһар Әлімбекованың үндеуі таралып жатыр

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети