Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июня 2020 12:58

Бекшин Алматыда симптомсыз науқастардың көбею себебін түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырды деп тіркелгендердің көбі ауру белгілерінсіз анықталып жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырды деп тіркелгендердің көбі ауру белгілерінсіз анықталып жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір қалада ауру жұқтырғандардың күнделікті өсімі 3 пайыздан аспайды. Жақын уақыттағы ең үлкен өсім 30 мамырда болған. Ол кезде 4,6 пайызды көрсеткен.

"Өткен тәулікте 35 жағдай клиникалық белгілермен және 51 адам ауру белгілерінсіз тіркелді. Апта сайынғы жағдайлардың күн сайынғы өсімі 1,1 пайыздан 4,6 пайызға дейін болды. Күнделікті өсім көрсеткішінің ең жоғарғысы 30 мамырда 4,6 пайыз болып тіркелген... Соңғы рет тіркелген өсім 3 пайыздан аспады", - деді ол.

Сондай-ақ, бас санитардың айтуынша соңғы тіркеліп жатқан жағдайдың 50 пайызы симптомсыз науқастар.

"Аурушаңдық қаланың барлық ауданында тіркеліп жатыр. Жалпы қала бойынша байланыста болғандар арасында 1678 жағдай тіркелді. Бұл - аурушаңдық санының 50 пайызы. Сонымен қатар, 3 маусымнан бастап тіркелген 491 жағдайдың 248-і симптомсыз. Бұл - 50 пайыз. Сондай-ақ, өткен тәулікте осындай 51 жағдай тіркелді. Бұлар - негізінен жұмыс істейтін тұрғындар, 80,2 пайыз (199 жағдай)", - деді ол.

Жандарбек Бекшин ауру жұқтырғандардың көбеюіне карантин шараларының жеңілдеуі мен нысандардың ашылуы себеп болғанын, сондай-ақ жаппай тестілеу кезінде анықталып жатқанын атап өтті.

"Көрсеткіштің жоғарылау себебі қазір карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне және көптеген мекеме мен кәсіпорынның жұмысына рұқсат берілуіне байланысты. Осындай нысандардың жұмысын нұсқау бойынша бекітіп бердік. Бірақ көптеген нысанда ереже бұзу деректері анықталып жатыр", - деді ол.

Қазір еліміз бойынша 13319 адамнан COVID-19 анықталған. Алматы қаласында 2939 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал елде тіркелген науқастардың 8015-і аурудан айықты, 61 науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети