Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 мая 2021 13:07

Бекшин вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойынын ұйымдастыруға қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырту үшін ұтыс ойындарын ұйымдастыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырту үшін ұтыс ойындарын ұйымдастыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, халыққа вакцина салдырту үшін ұтыс ойындарын ұйымдастыру шарасы әлемнің бірқатар елінде бар.

"Халықты вакцина салдыруға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын ұтыс ойындары халықаралық тәжірибеде бар шара. Қазіргі таңда 17 мемлекет мұндай шараны қолданады. Ол елдердің қатарында АҚШ, Израиль, Франция, Испания, Португалия бар және бұл елдерде осыған ұқсас шаралардың бірқатар түрі бар. Мысалы, АҚШ-та вакцина салдырғандарға қымбат лотерея билеттері беріледі, олар шамамен 20 доллар тұрады. Ол билеттер қомақты соманы ұтып алуға мүмкіндік береді. Басқа елдерде сауда орындарында жеңілдікпен сауда жасауға болатын жасыл карталар беріледі немесе 2 аптадан 6 айға дейінгі аралықта түрлі демалыс орындарына баруға мүмкіндік беретін карталар табысталады. Әлемде мұндай ынталандыру шараларының түрі өте көп", - деді Бекшин.

Оның айтуына қарағанда, Қазақстан мұндай шараны өткізбес бұрын Израильдің тәжірибесін зерттеген.

"Біздің елде мұндай шара алдында Израильдің тәжірибесін зерттедік. Себебі бұл ел жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, бұрынғы өмірге біртіндеп оралып жатыр. Сондықтан, бұл өте жақсы шара. Сауда орындары бұл шараларды өз еркімен ұсынып, қызығушылық танытып отыр. Шаралардың арқасында вакцина салдыратындар да, сауда жасайтындар да, орталыққа келушілер де көбейеді", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматының бірқатар сауда орны вакцина салғызғандар арасында ұтыс ойындарын ұйымдастырды. Ұтыс ойындарының жеңімпаздарына түрлі бағалы заттар табысталған.

АҚШ-та вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лотерея ойнатылып жатыр

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети