Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2020 10:20

Белгілі тілші-ғалым Асқар Жұбанов дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбанов дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбанов дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының баспасөз қызметкері Мейрамбек Таубалдиев естіртті. Оның айтуынша, Асқар Жұбанов соңғы уақыттары қатты сырқаттанып жүрген. 

"Қаралы хабар. Тектінің тұяғы, асылдың сынығы, белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы дүниеден озды. Бұл - қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы. Қазақ еліне, отбасына, ағайын-туысқа қайғырып көңіл айтамын. Бақұл болыңыз, асыл адам!", - деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Асқар Жұбанов 1937 жылы 13 қарашада туған. Филология ғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі - Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети