Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 августа 2020 16:36

"Бес асыл іс, көнсеңіз". Америкалықтар Абайдың 175 жылдығымен қалай құттықтады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігі және америкалық азаматтар Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеу және оны тану мақсатында әлеуметтік желідегі #Abai175 науқанын қолдады. Tengrinews.kz тілшісі америкалықтардың Абай күніне тартуын ұсынады.


Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігі және америкалық азаматтар Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеу және оны тану мақсатында әлеуметтік желідегі #Abai175 науқанын қолдады. Tengrinews.kz тілшісі америкалықтардың Абай күніне тартуын ұсынады.

АҚШ елшісі Уильям Мозер Абай күнін атап өту үшін дәстүрді жаңғыртып, жыл сайын тоғызқұмалақтан жарыс өткізуді жоспарлап отырғанын және Абай тоғызқұмалақ ойнағанын атап өтті.

"Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін - Абай күні мерекесі! Бұл мереке - руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де елшілікте Абай күнін атап өту үшін, Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын Тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған "Кемел адам тәрбиелеу" - адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр", - деді дипломат. 

Тоғызқұмалақ ойнауды меңгере бастаған елші құттықтауын Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтады:

...Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

"Желсіз түнде жарық ай" - АҚШ елшісі Уильям Мозердің сүйікті әндерінің бірі. Ол өлеңді ағылшын тілінде оқыған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

⠀ АҚШ Елшілігі есімі әлемге танымал қазақтың ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Қазақстанмен бірге тойлайды. ⠀ “Желсіз түнде жарық ай” - АҚШ Елшісі Уильям Мозердің сүйікті әндерінің бірі. Елші мырза өлеңді ағылшын тілінде оқыған болатын. ⠀ ?Ал, Сіз ұлы Абайдың қай өлеңін ерекше ұнатасыз? ⠀ ⠀ Посольство США присоединяется к празднованию 175-ой годовщины всемирно известного казахского поэта Абая Кунанбаева. ⠀ “Желсіз түнде жарық ай” - один из любимых стихов Посла США Уильяма Мозера, который он прочитал на английском языке. ⠀ ?А какой ваш любимый стих Абая?⠀ ⠀ The U.S. Embassy joins the celebration of the 175th anniversary of world renowned Kazakh poet Abai Kunanbayev. ⠀ “Zhelsiz tonde zharyk ai” is one of the favorite poems of Ambassador Moser. In this video he recites the poem in English accompanied by a beautiful kobyz performance. ⠀ ?What Abai poem do you enjoy the most?⠀ #Abai175 #uskz

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Сонымен қатар, Алматыдағы АҚШ бас консулы Эрик Майер Абайдың мерейтойына арналған құттықтауларға қосылып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын танып білуге деген ынтасы жайында айтып, Абайдың "Жүректе қайрат болмаса" өлеңін америкалық әріптестерімен бірге оқыды.

Елшіліктің Instagram желісіндегі парақшасында Абайдың шығармашылығын қазақша орындап, оқырмандарды тәнті қылған америкалықтар көп. Олар - Fulbright Foreign Language Teaching Assistant бағдарламасының қатысушылары. FLTA- бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді.

"Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас" өлеңін Фулбрайт бағдарламасының қатысушысы, екі жыл бойы АҚШ-та қазақ тілін оқып, кейін Ақтауда ағылшын тілінен сабақ берген Абигаиль оқыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

??Americans recite Abai poems!??⠀ ⠀ "Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас" - Abigail Homer.⠀ ⠀ Абигейл қазақ тілін АҚШ-та екі жыл бойы оқып, Fulbright FLTA бағларламасымен Ақтауда ағылшын тілінен сабақ берді. ⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді. ⠀ ***⠀ Абигейл изучала казахский язык в США два года и преподавала английский язык в городе Актау, в рамках программы Fulbright FLTA.⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - это уникальная языковая программа Государственного департамента США, позволяющая казахстанцам преподавать казахский язык в США. В ходе программы, американцы изучают язык и культуру страны, а затем преподают английский язык в Казахстане. ⠀ ***⠀ Fulbrighter Abigail Homer @abbythegreendray spent two years studying Kazakh language in the United States and then went to Aktau where she was teaching English. Today, in honor of Abai Kunanbayuly's 175th birth anniversary, Abigail recites "Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас" poem. ⠀

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

"Өлең сөздің патшасы" атты өлеңді Қазақстаннан Fulbright FLTA бағдарламасымен барған Қазақстандық мұғалім Ғалия Дәулеттің көмегімен тілді үйренген Людвиг оқып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

??Americans recite Abai poems!??⠀ ⠀ "Өлең сөздің патшасы" - Ludwig Adisiswoyo⠀ ⠀ Людвиг қазақ тілін Қазақстаннан Fulbright FLTA бағдарламасы аясында барған мұғалімі Ғалия Дәулеттен үйренді. ⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді. ⠀ ***⠀ Людвиг изучал казахский язык вместе с преподавателем из Казахстана Галией Даулет, которая посещала США в рамках программы Fulbright FLTA.⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - это уникальная языковая программа Государственного департамента США, позволяющая казахстанцам преподавать казахский язык в США. В ходе программы, американцы изучают язык и культуру страны, а затем преподают английский язык в Казахстане. ⠀ ***⠀ Fulbright FLTA alumni Galiya Daulet went to the United States to provide Kazakh language instruction. One of her Kazakh language students Ludwig Adisiswoyo joins #Abai175 virtual celebration with "Өлең сөздің патшасы" poem.⠀ ⠀ #Abai175 #uskz⠀ ⠀

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

"Ерекше естен кетпес қызық қайда?" өлеңін америкалық Бретт Вестбрук оқыды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

??Americans recite Abai poems!??⠀ ⠀ "Ерекше естен кетпес қызық қайда?" - Brett Westbrook.⠀ ⠀ Бреттке қазақ тілін Қазақстаннан Fulbright FLTA бағдарламасы аясында барған мұғалім Әсем Ижмукханова оқытты. ⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді. ⠀ ***⠀ Бретт изучал казахский язык вместе с преподавателем из Казахстана, Асем Ижмукхановой, в рамках программы Fulbright FLTA.⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - это уникальная языковая программа Государственного департамента США, позволяющая казахстанцам преподавать казахский язык в США. В ходе программы, американцы изучают язык и культуру страны, а затем преподают английский язык в Казахстане. ⠀ ***⠀ Fulbright FLTA Assem Izmukhanova was giving Kazakh language lessons at Indiana University in 2018-2019. One of her students Brett Westbrook joins our #Abai175 virtual celebration reciting "Ерекше естен кетпес қызық қайда?" poem. ⠀ ⠀ #Abai175 #uskz⠀

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін Fulbright FLTA студенттері Джошуа Дюфо мен Джесси Уессо оқыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

??Americans recite Abai poems!??⠀ ⠀ "Ғылым таппай мақтанба" - Joshua Dufour, Jesse Wesso, Fulbright FLTA students. ⠀ ⠀ Today as part of our virtual celebration of Abai's 175 anniversary, Fulbrighter Joshua Dufour @dufourjosh and American student Jesse Wesso @jmwesso recite famous poem "Ғылым таппай мақтанба" ⠀ ⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді. ⠀ ***⠀ Fulbright Foreign Language Teaching Assistant - это уникальная языковая программа Государственного департамента США, позволяющая казахстанцам преподавать казахский язык в США. В ходе программы, американцы изучают язык и культуру страны, а затем преподают английский язык в Казахстане. ⠀ ⠀ #Abai175 #uskz⠀

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Америкалық әнші Грей Гаррет "Көзімнің қарасы" әнін  укулеледе көптеген елдің үлкен сахналарында шырқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Грейс Гаррет естеріңізде ме? Портлендтен келіп, Қазақстанға, оның дәстүрлі әндеріне ғашық болған музыкант? Кезінде ол “Көзімнің қарасы” әнін укулелеге салып шырқап, сонымен танымал болған. Грейстің арқасында Абайдың шығармалары Қазақстаннан өзге жерлерге сапар шекті. ⠀ ????⠀ Вы помните Грейс Гаррет? Музыкантшу из Портленда, полюбившую Казахстан и его музыку? Ее визитной карточкой в свое время стала песня “Көзімның қарасы”, которую она исполняла на укулеле. Благодаря Грейс, о творчестве Абая узнали многие люди за пределами Казахстана. ⠀ ????⠀ Back in 2016 @hgracegarrett, a musician from Portland performed the popular Abai’s song “Kozimnin karasy” on Central Park’s stage in Almaty. ⠀ Thanks to Grace, people across many countries fell in love with the song and learned about Abai’s heritage. ⠀ ⠀ #Abai175 #uskz⠀ ... Video credits: Открытая Азия

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Қазақстандағы Америка Бұрыштарында (American Corner and MakerSpace) да ұлы Абайдың мерейтойын атап өту үшін ақынның философиясын жалғастыру, жаңғырту және дәріптеуге, Абайтануға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети