Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 июля 2020 15:25

Бетперде киюді әлі ұят санайтындар жоқ емес - Тоғжанов

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда отбасылық жиындардан кейін 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қайтыс болғандары да бар. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда отбасылық жиындардан кейін 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қайтыс болғандары да бар. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге келетін болсақ... вирустың ел ішіне кең тарауының негізгі себептері бар. Бұл халқымыздың ескертуге құлақ аспаған, немқұрайлығы болып отыр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мысалға келтіретін болсақ, тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн сияқты шаралар толып жатыр. Өздерің де куә. Осындай әр шараның соңында кемінде 20-дан астам адамның ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандары да мәлім", - деді вице-премьер ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов карантин шараларын бұзғандарға қанша айыппұл салынатынын атап өтті.

"Бекітілген санитарлық-эпедимиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады", - деді ол.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин күшейді. Бұл туралы бүгін коронавирусқа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімі шықты.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау ұсынылғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрі Президенткен коронавируспен күресу үшін екі апталық локдаун сценарийін ұсынған. Ондағы болжам бойынша елімізде тәулігіне жеті мың жағдай тіркелуі мүмкін. Тамыз соңына дейін аураханаларда 80 мың орынға дейін қажет болуы мүмкін деген еді.

Сондай-ақ Цой төрт апталық локдаун сценарийін де айтты. Онда тамыздың соңында күніне 2500 жағдай тіркеліп, 30 мың төсек орын керек болуы мүмкін екені хабарланды.

Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 42 574-ке жетті. 14 059 науқас аурудан айықты, 188 адам қайтыс болды. Бірнеше күннен бері қайтыс болғандар туралы мәлімет жаңармады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети