Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 марта 2022 13:33

"Биліккұмар арамзалар халықтың атын жамылып, арам пиғылын iске асырғысы келді" - депутат

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еділ Жаңбыршин. Видеодан алынған кадр Еділ Жаңбыршин. Видеодан алынған кадр

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасы әдейі ұйымдастырылған әрекет деп есептейтінін және "Президент Тоқаевтың іске асыра бастаған саяси және экономикалык реформаларына қарсы топтар" мемлекетте төңкеріс жасағысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасы әдейі ұйымдастырылған әрекет деп есептейтінін және "Президент Тоқаевтың іске асыра бастаған саяси және экономикалык реформаларына қарсы топтар" мемлекетте төңкеріс жасағысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыршин қаңтар оқиғасы 30 жылдық тәуелсiздiгiмiзде мемлекетке төнген ең үлкен қауiп болғанын айтты. Ол газ бағасын 50 теңгеге түсiру талабы орындалып, мәселе шешілгенмен, арты саяси талаптарға ұласқанын да қосты.

"Бастапқы кезде Қазақстанның барлык облыстары мен iрi қалаларында көшеге шыққан азаматтарға қару қолданылған жоқ. Маңғыстауда бірде-бір әскери немесе арнайы құқық қорғау жасақтары халыққа қару түгіл, күш көрсетпеді. Тек маңызды нысандарды қорғады және дислокация жасалған жерлерінде қозғалмай тұрды. Біз оны өз көзiмiзбен көрдік. Ақиқатын айту керек, мемлекет шерулер мен ереуілдердің бейбіт өтуiне толық мүмкіндік берді.

Өкінішке қарай, Алматы облысы, Алматы, Тараз және басқа қалаларда бейбіт шерулер арандатушылардың кесірінен жаппай бұзақылық пен қантөгіске ұласты. Қаншама бейбiт азаматтар мен қарусыз кұкык қорғау кызметкерлерi жараланды, қаза тапты. Мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандар қирады. Бұл әдейі ұйымдастырылған әрекет деп есептеймін. Өйткені Президент Токаевтың іске асыра бастаған саяси және экономикалык реформаларына карсы топтар, осындай қатігездікке барды. Ия, елде қордаланып қалган әлеуметтік-экономикалык мәселелер бар. Ол жасырын емес. Осы жағдайды ұтымды пайдаланғысы келген биліккұмар арамзалар, халықтың атын жамылып, өздерiнiң арам пиғылдарын iске сырғылары келді. Тіке айтканда олардың ойлары мемлекетте төңкеріс жасау еді!", - деді ол.

Депутаттың сөзінше, қантөгісті ұйымдастырушылар мемлекет басшысы барлық өңір көтерiлгенде елден кетiп калады немесе өз орынын босатады, билiктi оңай бере салады деп ойлаған болуы керек.

"Мұндай жағдайлар бүлік шыққан мемлекеттерде болғанын жақсы білеміз. Шынында да елiмiзде ауыр жағдай болды. Билiк қыл үстінде тұрды. Алайда Касым-Жомарт Кемелұлының табанды позициясы, өткір шешімдері және Қазақстан халқына кайта-кайта жасаған үндеулері көңілге сенім ұялатып қаскөйлердің арам ойларын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Мемлекетті хаосқа жiбермеген басшыны, көзі ашық, көңілі ояу адам бағалай білуi керек!", - деді Еділ Жаңбыршин.

Ол Бас прокуратура және баска да кұқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын барынша ашық жүргізіп, кімнің кім екенін анықтауы қажет екенін айтты.

"Себебі жасырын процесс, ел арасында сенімсіздікті көбейтеді. Сондықтан "қастандықты кімдер ұйымдастырды, оларға кімдер көмектесті, кімдер қаржыландырды, қаржылар кайдан келді?" деген сұрақтарға толык жауап алынып, халыққа жариялануы керек", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети