Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 сентября 2020 09:41

Биыл маусымдық тұмауға қарсы 2 миллионнан аса вакцина сатып алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/Anton Vaganov REUTERS/Anton Vaganov

Елімізде пандемия жарияланғалы бері 16,6 доза дәрі-дермекке тапшылық болған. Бұл туралы "СҚ-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елімізде пандемия жарияланғалы бері 16,6 доза дәрі-дермекке тапшылық болған. Бұл туралы "СҚ-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ерхат Есқалиевтің сөзінше, 22 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымға препараттар жеткізіле бастады. 

"Сондай-ақ препараттар тізімін амбулаторлық деңгейде де көбейту жоспарланды. 17 тамыздан бастап 1 миллионға жуық адамға дәрі берілді. Яғни коронавирусты жеңіл өткізіп жатқан науқастар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан қажет препараттарды алуға мүмкіндігі бар. Оның ішінде, дене қызуын түсіретін және антикоагулянттар. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 4000 қазақстандыққа тегін дәрі-дәрмек берілген", - деді ол Үкімет отырысында. 

Есқалиевтің айтуынша, биыл маусымдық тұмауға қарсы 2 199 990 доза вакцина сатып алынды. Вакцинация 15 қыркүйектен басталды. 

Сонымен қатар, Ерхат Есқалиев коронавирусты емдеуге арналған қосымша 44 препарат сатып алынып жатқанын айтты. 

"Бұл айына стационардағы 6000 науқасты емдеуге мүмкіндік береді. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 37 препарат сатып алынды", - деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ қосымша 10 миллион медициналық маска сатып алынған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети