Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 июня 2020 14:09

Биыл оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшті? Министрдің жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

2020 жылдың 5 айында оңтүстіктен солтүстікке 631 отбасы көшті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылдың 5 айында оңтүстіктен солтүстікке 631 отбасы көшті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде министр ішкі көші қон мәселесіне тоқталды. 

"2019 жылы 2,5 мың отбасы, 9,5 мың адам оңтүстіктен солтүстікке көшті. Мұнда адамдар жұмыс орындары, балабақша, мектеп орындары болған кезде көшеді. Ол үшін субсидиялар қарастырылған. Көшкен кезде әрбір отбасы мүшесіне 97 мың теңге беріледі. Сондай-ақ, үйді 1 жылға жалға алуға ай сайын 41 мың теңгеден 83 мың теңгеге дейн төленетін субсидия бар", - деді ол.

Оның айтуынша, 2019 жылы осы мақсатқа 140 миллион теңге субсидия төленген.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов 2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшкенін айтты.

"Осы жылдың 5 айында 631 отбасы көшті. Ол - 2200 адам. Негізгі қабылдаушы өңірлер - Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Негізгі көшіп жатқан өңірлер - Түркістан, Алматы облыстары", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі дағдарыста әлеуметтік төлемдердің көлемі қысқармайтынын айтқан болатын.

Cонымен қатар, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған кейбір отбасы қайтадан көшіп жатқаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети