Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 ноября 2020 18:05

БҚО әкімі "жолдағы елеске" қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев "жолдағы елеске" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев "жолдағы елеске" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналист өңір басшысына "Бірнеше республикалық БАҚ-та Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына қарасты ауылдардың біріндегі жолда қыздың "елесі кезіп" жүр деген ақпарат тарады. Ол адамдарды шошытады екен. Бұл ақпаратты сіз тексердіңіз бе?" деп сауал жолдады.

"Менің ойымша, (жолда - ескерту) мәселе туындамауы керек. Таңертең күн сайын құқық қорғау органдары маған халықты толғандыратын тиісті ақпаратты беріп тұрады. Бұл жаңалыққа қатысты ақпарат болмады. Соған қарағанда, бұл мәлімет шындыққа жанаспайтын сияқты. Бізде мұндай мәселе жоқ", - деді Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес". Ауыл әкімі қазақстандықтарды алаңдатқан оқиға туралы

Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі полиция қызметкерлеріне бұл мәселеге қатысты тапсырма беретінін атап өтті.

"Мен өңірдегі полицияға бұл ақпаратты тексеруге тапсырма беремін. Біздің әрбір ауданда полиция қызметі бар. Менің ойымша, олар барлығын бақылауда ұстап отырған шығар", - дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің маңында ақ шашты әйелдің елесі жүргені туралы ақпарат тараған еді. Кейін видео Ресейде түсірілгені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети