ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
22 февраля 2022 | 08:53

"Болашақ" бағдарламасына енген ресейлік университеттер туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді. Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы мәлімет Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді. Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы мәлімет Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасы қайта бағдарланатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, жастарды Ресейге жіберу проблемасын көтерді.

"Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, мүмкін, ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз", - деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Кейінірек Білім және ғылым министрлігі өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін "Болашақ" бағдарламасы қалай өзгеретінін айтты. Соған сай, халықаралық стипендия шеңберінде "индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын" инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғаны айтылды.

БҒМ мәліметінше, 2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 шәкіртақы бөлінген. Оның ішінде 555 шәкіртақы магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша, сондай-ақ, "Ғалымдар" тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша тағы 500 шәкіртақы бөлінген.

Сонымен қатар, "Болашақ" бағдарламасы орталығының президенті Әнуар Жанғозин мен ресейлік университеттер басшылығы арасында келісімге қол қойылды. Келісімге қол қойылған университеттер қатары:

  • "МИСиС" ҒЗТУ
  • Мәскеу физика-техникалық институты
  • ИТМО Ұлттық зерттеу университеті
  • "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті
  • И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҰИУ)
  • Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Бұл ынтымақтастық академиялық оқыту жүйесі қазақстандық мамандар үшін техникалық бағыттар бойынша тағылымдамадан өту саласын дамытуды көздейтіні айтылған еді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясының директоры Ә.Жанғозиннің пікірінше, ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қазақстандықтарға жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тіл жағынан ешқандай қиындықсыз жоғары техникалық білім алуға қосымша мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, тізімге 27 елдің 200-ден аса университеті енген. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы басқа елдермен және университеттермен мамандарды даярлау географиясын кеңейтетінін мәлімдеген еді.

"Былтыр Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка енді. Сонымен қатар, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетінде, Массачусетс технологиялық институтында, Оксфорд университетінде немесе Принстон университетіне және т.б. түсу бұрынғыдай қалатынын түсіну керек. Әлемдегі 200-ден аса жоғары оқу орнының тізімі тағы бірнеше беделді ресейлік жоғары оқу орындарымен толығатыны түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда одан да көп мүмкіндіктер беріп, техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қолжетімділікті кеңейтеді. Сонымен қатар, мамандарды даярлаудың техникалық бағыттарына баса назар аударамыз", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

  • "МИСиС" ҒЗТУ

misis.ru

"МИСиС" ұлттық зерттеу технологиялық университетінің тарихы 1918 жылдан басталады. Сол жылы Мәскеу тау-кен академиясы құрылып, металлургия бөлімі ашылған. 1921 жылы кафедралар факультеттерге айналып, 1930 жылға қарай академия алты тәуелсіз институтқа бөлінген.

Бүгінде болат, түсті металдар және тау-кен институты "МИСиС" ұлттық зерттеу технологиялық университеті болып біріккен.

Университет түлектері қатарында кеңес өнеркәсібінің аңыздары Иван Федорович Тевосян, Петр Фадеевич Ломако, көмір өнеркәсібін дамытқан Дмитрий Григорьевич Оника мен Борис Федорович Братченко бар.

misis.ru

Бұл университет 2008 жылдан бастап Дмитрий Медведевтің жарлығымен МИСиС "ұлттық зерттеу технологиялық университеті" мәртебесін алған алғашқы ресейлік университет болды. 2014 жылы "МИСиС" ҒЗТУ QS World University Rankings нұсқасы бойынша алғаш рет әлемнің үздік жоғары оқу орындары қатарына кірді. QS:BRICS рейтингінде университет жетекші жоғары оқу орындары бойынша ТОП-100 қатарында. Сонымен қатар, сол жылы "МИСиС" халықаралық ғылыми кеңесі өз жұмысын бастап, әлемдік ғылыми кеңес өкілдерін, оның ішінде Кембридж, Стэнфорд, Технион және басқа да ғылыми-білім беру орталықтарын біріктірді. 2016 жылы университет Еуропа ядролық зерттеулер орталығында (CERN, Женева) SHIP (search for Hidden Particles) экспериментінің қатысушысы болды. 2021 жылы "МИСиС" ҒЗТУ QS "Инжиниринг-мұнай-газ ісі" пәндік рейтингісі бойынша әлемнің үздік 100 жоғары оқу орны қатарына кірді.

Фото: misis.ru

Университет құрамында 9 институт және 6 филиал (төртеуі Ресейде, екеуі шетелде) бар, онда әлемнің 85 елінен келген студенттер оқиды. "МИСиС" ҒЗТУ IT, металлургия, тау-кен ісі, лингвистика, квант технологиялар, биомедицина, инженерия, материалдар дизайны, өндіріс технологиялары, тұрақты даму және т.б. салаларда мамандар дайындайды.

Магистратура бойынша оқытатын мамандықтар тізімі:

  • Технологиялық машиналар мен жабдықтар
  • Металлургия
  • Техносфералық қауіпсіздік
  • Қолданбалы математика
  • Информатика және есептеу техникасы
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және муниципалды басқару
  • Бизнес-информатика

Аспирантура бойынша оқытатын мамандықтар тізімі:

  • Физика және астрономия
  • Электроника, радиотехника және байланыс жүйелері
  • Материалдар технологиясы
  • Геология, пайдалы қазбаларды барлау және игеру
  • Экономика және халық шаруашылығын басқару
  • Табиғатты пайдалану

Постдокторантура бағыттары:

  • Биомедицина
  • Нанотехнология
  • Жаңа материалдар
  • Ақпараттық технологиялар
  • Металлургия және тау-кен ісі

Университеттің ғылыми орталығының жетістіктері көп. Соның бірі - CO2-ні тиімді өңдеу үшін жаңа катализатор жасалуы.

© misis.ru

Парник газдардың концентрациясы артуы - орташа жылдық температураның өсуінің негізгі себептерінің бірі. Бұл - жаһандық деңгейдегі проблема. СО2-нің деңгейін төмендету - адамзаттың ең маңызды міндеттерінің бірі. Соған орай "МИСиС" ғылыми тобы бор нитриді және темір мен платина нанобөлшектеріне негізделген жаңа катализатор ұсынған. Ол көмірқышқыл газын өңдеудің жоғары дәрежесін көрсетті: CO2 конверсиясы 350 градус температурада 25 пайыз болады, бұл әдеттегі темір катализаторға қарағанда 10-15 есе жоғары. Жұмыс нәтижелері халықаралық Journal of Catalisys-та жарияланған.

Синтезделген материал кез келген кәсіпорында қолданыла алады. Бұл қатарда химия, мұнай өңдеу, металлургия зауыттары, целлюлоза өнеркәсібі бар.  

  

© misis.ru

  • Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Бауман университеті QS рейтингі бойынша ТОП-300 университет қатарына кіреді. Университетте инженерлерді дайындайтын 19 факультет, 130-дан аса кафедра бар. 

© bmstu.ru

Бауман университеті мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" басшыларының кездесуі барысында тараптар Қазақстанда Бауман университетінің өкілдігін құру және бірлескен бағдарламалар бойынша оқуды 2022 жылдың қыркүйегінде бастауға келісті. Бұл қазақстандық жастарға сапалы жоғары техникалық білім алуға, оның ішінде республикадан тыс жерлерге шықпай-ақ, білім алуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Қазақстан тарапынан IT-саласы мамандарын, электр және жылу желілері мен нысандарын, автокөлік және теміржол көлігін пайдалану бойынша инженерлер, қоршаған ортаны қорғау қызметі үшін кадрлар дайындауға қызығушылық танытылатыны айтылды.

"Бауман атындағы ММТУ-мен бірлесіп, "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында жоғары технологиялар саласында жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан жас кадрларға жаңа тәсілдер мен технологияларды игерту мақсатында Қазақстан Республикасының кадрлық әлеуетін дамытқымыз келеді, - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті Әнуар Жанғозин.

© bmstu.ru

  • Мәскеу физика-техникалық институты

Бұл оқу орны Мәскеу облысының Долгопрудный мен Жуковский қалаларында орналасқан. Мәскеу физика-техникалық институты - Ресейдің жетекші техникалық университеті. Халықаралық және ұлттық рейтингтердегі үнемі жоғары деңгейде көрінеді. Times Higher Education және Quacquarelli Symonds әлемнің үздік университеттерінің жалпы рейтингінде МФТИ Ресейдің техникалық жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алады. Times Higher Education бойынша МФТИ физикалық және компьютерлік ғылымдар бойынша әлемнің 100 үздік университеті қатарына кіреді және осы салаларда Ресейде жетекші орынға ие.

© mipt.ru

Мәскеу физика-техникалық институты - әлемдегі беделді рейтингтерге кіретін жетекші техникалық университет. Мұнда қолданбалы физика, математика, информатика, химия, биология, компьютерлік технологиялар және басқа да жаратылыстану салалары оқытылады. Кейінгі жылдары мұнда әлемге әйгілі ғалымдар жұмыс істейтін 64 жаңа зертхана ашылды. Ал оның негізін Нобель сыйлығының үш лауреаты Петр Капица, Николай Семенов және Лев Ландау қалаған. МФТИ-де жыл сайын 7000-ға жуық студент оқиды, сонымен қатар, РҒА-ның 80-нен аса академигі мен корреспондент-мүшесі сабақ береді. 

© mipt.ru 

  • ИТМО Ұлттық зерттеу университеті

Санкт-Петербургте орналасқан бұл университет - ақпараттық және фотонды технологиялар саласындағы Ресейдегі жетекші оқу орны. Мұнда әлемнің 88 елінен 12 500-ден аса студент оқиды. Бірқатар сала бойынша ЖОО жүздеген ең беделді халықаралық рейтингтерге кіреді.

ИТМО университеті бағдарламалау саласында ірі халықаралық жарыстардағы орны бойынша әлемдік рекорд орнатқан. Соның ішінде ол - ICPC бойынша әлемдегі жалғыз жеті дүркін чемпион.

ИТМО өзінің ғылыми-білім беру бейінін үнемі кеңейтіп отырады: IT, фотоника және робототехникамен қатар, бүгінгі таңда университетте химия, биотехнология, урбанистика, Art&Science және басқа да бағыттар бар.

  • "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті

"Мәскеу инженерлік-физикалық институты (МИФИ)" атауын 1953 жылы алған. Университеттің жаңа даму кезеңі 2008 жылы басталған, ол кезде МИФИ алғашқы екі ұлттық зерттеу университеттерінің бірі болды және "МИФИ" ұлттық зерттеу ядролық университеті деп аталды.

2017 жылы "Росатом" мемлекеттік корпорациясы мен Ташкенттегі Өзбекстан үкіметі атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Университетте ядролық физика мен технологиялар үшін маңызды ғылыми-технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге, сондай-ақ, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті халықаралық білім беру стандарттары деңгейінде жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жүргізіледі.

Бүгінде университет 75 жылдан аса уақыт бойы білім беру мен ғылыми зерттеу қағидаттарына сай, жоғары деңгейдегі мамандарды даярлауда көшбасшылық позицияны ұстанып отыр.

  • И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҰИУ)

Мәскеуде орналасқан И.М.Губкин атындағы ҰИУ XXI ғасырда инновациялық жағынан дамуымен ерекшеленді. Сонымен қатар, кейін көптеген жаңа кафедра қосылған (мұнай-газ кен орындарын модельдеу, теңіз кен орындарын игеру және т.б.).

Губкин университеті әлемнің 100-ден аса елі үшін мұнай-газ саласының мамандарын дайындайды. Университет Quacquarelli Symonds (QS) University Rankings рейтингіне сәйкес, BRICS елдері университеттері арасында ТОП-30 тізіміне кірді. 2019 жылы алғаш рет "Times Higher Education" (THE) басылымының World University Rankings 2020 әлемнің үздік университеттері рейтингінде 1001+ орынға ие болды. Университеттің ғылыми өміріндегі ең үлкен оқиға 2017 жылдың 8 желтоқсанында физикалық және коллоидтық химия кафедрасының профессоры И.М. Колесниковтың "Термодинамиканың төртінші заңы" атты өнертабысы үшін алған марапаттауы болды.

Автор: Жансая Қадыржанова

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Ресторан горит в Астане

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети