Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 января 2020 11:41

Біртанов Желіде коронавирусқа қатысты тараған жалған ақпараттар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған қауіпті індет коронавирусқа қатысты тарап кеткен жалған ақпараттар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында айтты.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған қауіпті індет коронавирусқа қатысты тарап кеткен жалған ақпараттар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінде Желіде коронавирусқа қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кеткен. 

"Біз тек Денсаулық сақтау министрлігі мен тауарлар мен қызметтерді бақылау комитетінің ақпаратына сенуге кеңес береміз. Себебі біздегі ақпарат Дүниежүзілік медицина ұйымының мәліметтеріне негізделген. Біз басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кеңес беріп жатырмыз.

Жемістер туралы, Қытайда адам көп адам қаза тапқаны туралы тарап кетті. Біз сондай ақпарат таратқан сайттарды тексеріп, мәлімет беріп жатырмыз. Олар - фейк сайттар. Сонымен қатар, арнайы ашық телефон желісін жарияладық: 1406 нөмірі. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс нөмірі. Бүкіл қажет ақпаратты осы нөмір арқылы алуға болады", - деп мәлімдеді Елжан Біртанов. 

Сонымен қатар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин бүгінде далада медициналық бетперде киіп жүрудің қажеті жоқ екенін айтты. 

"Медициналық бетпердені вирустық аурулардың сынамалары бар азаматтармен қатысуда болғанда, жабық желдету мәселесі нашар болған баспана, жиналыстарға, медициналық ұйымдарға барған кезде міндетті түрде тағу керек. Ал далада жүрген кезде медициналық бетпердені киюдің қажеті жоқ", - деді Жандарбек Бекшин. 

Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады. Қатерлі аурудан 80 адам қаза тапқан

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Ал бүгін Қытайдағы қауіпті індет коронавирустан қаза тапқандардың саны бір ғана Хубей провинциясының өзінде 100-ге жеткені белгілі болды. 27 қаңтардың өзінде 1291 адам ауруды жұқтырып үлгерсе, оның 24-і қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети