Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 марта 2020 11:14

Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © reuters Көрнекі сурет. © reuters

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ведомство басшысы елімізде қауіпті дерттің тіркелмегенін атап өтті.

"Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясы жоқ. Ол тіркелген жоқ", - деді министр үкіметтің баспасөз орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирустан қалай сақтану керегі жөнінде кеңес берді. Оның пікірінше, тұрғындар вирус инфекциясынан қалай сақтанса, қауіпті дерттен қорғану шараларын солай жүргізуі қажет.

"Денсаулығымызды бақылап отыруымыз керек. Жеке бастың тазалығын сақтау шарт. Себебі, инфекция ауа, сілекей арқылы және қол алысу кезінде тарайды. Сондықтан қол мен бетті үнемі жуып отыру керек. Бұл - (аурудан сақтанудың - автор) ең жақсы жолы. Сондай-ақ, қызуы көтерілген ауру адамдардан алыс жүрген жөн", - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр коронавирус тіркелген елдерге саяхат жасамау керегін атап өтті.

"Осы айтылғандарды ескерсеңіз, ауырмайсыз деген үміт бар", - деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі коронавирустан сақтану мақсатында еліміздегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық бақылау күшейгенін хабарлады.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

ҚХР денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметінше, коронавирустан 2912 адам қайтыс болған. Ал 44 462 адам қауіпті вирустан айығып, ауруханадан шығарылған.

Сондай-ақ бүгін коронавирус тағы 5 елде анықталғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети