Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 апреля 2021 09:55

"Бұл - екінші мүмкіндік". 1,5 миллион қазақстандық "қара тізімнен" шықты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: bankist.ru Фото: bankist.ru

Қазақстанда 1 жарым миллионға жуық адамның несие тарихы автомат түрде "оңалтылды". Осыған қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып, тақырып қызу талқыға түсті. Бірі мұны несие алушыларды көбейту үшін десе, енді бірі екінші мүмкіндікке балап жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі несиелер бойынша заңгердің пікірін білді.


Қазақстанда 1 жарым миллионға жуық адамның несие тарихы автомат түрде "оңалтылды". Осыған қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып, тақырып қызу талқыға түсті. Бірі мұны несие алушыларды көбейту үшін десе, енді бірі екінші мүмкіндікке балап жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі несиелер бойынша заңгердің пікірін білді.

Заңгер Жанат Бүтінбаевтың айтуынша, "қара тізімдегілердің" көпшілігі елімізде экономикалық қиыншылықтар болған жылдары несие алып, төлей алмай қалғандар.

"Несие тарихын "оңалтуға" несие алдыру үшін жасалған деген көзқараспен қарауға болмайды. Кредиттік бюро "қара тізімдегілерді" алып тастап жатыр. Себебі қазір банктер барлық қауіп-қатерді есептейді. Ал 2006-2007 жылдары кредиттер ештеңеге қарамастан беріле берді, сол жылдарда көптеген отандасымыз шама-шарқына қарамастан несиелерді рәсімдеп алып, төлей алмай, "қара тізімге" кірді. Ол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын, табысын қазіргімен салыстыруға келмейді және банктер де мұны жақсы біледі. Қазір несие алғандардың басым бөлігі несиесін уақытында төлей алады, осыны ескерген банктер де оларға екінші мүмкіндік беріп, "қара тізімнен" шығарып жатыр", - деді заңгер.

Несиені төлемейтіндер көбеймей ме?

Бүтінбаевтың айтуынша, банк "қара тізімдегі" адамдардың несие тарихын жеке қарап, қазіргі мүмкіндіктерін жіті зерттейді.

"Ол тізімге іліккен адамдарға несие де, ипотека да берілмейді. Бір рет "қара тізімге" кіріп, несие рәсімдей алмаған адам ойланады, оны тәжірибемнен білемін. Қаншама адам "қара тізімнен" қалай шығамын, ақша керек деп, көмек сұрап келді. Сондықтан, несие алғысы келген адамның көзімен қарасақ, бұл берілген тамаша мүмкіндік. Болашақта несие төлемейтіндер көбейеді деп ойламаймын, себебі "қара тізімді" бір көрген адам да, банк те сабақ алып, екінші қайталамайды", - деді ол.

Айта кетейік, еліміздегі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттер бойынша "оңалтылды" деген мәртебені автомат түрде 1 миллион 419 мың азамат алғанын хабарлады.

"Қара тізімнен" шығу үшін құжат жинау қажет пе?

Агенттіктің мәліметі бойынша, Қазақстанда азаматтардың кейбір санатының теріс кредиттік тарихы бар, яғни олардың қарыздар бойынша төлем мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген. Мәртебені алу үшін қандай да бір құжат талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге де мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді.

Ескі қарыз толығымен өтелмесе

Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі толығымен емес, ішінара өтелсе, банктер оңалту жоспарын барынша ыңғайлы өтеу кестесімен кейіннен жасау үшін әрбір осындай қарыз алушымен оның төлем жасау қабілетін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізеді.

"Оңалтылғандар" тізімінде барсыз ба, қалай білесіз? Мәртебені тексеру үшін азаматтар мемлекеттік кредиттік бюроға өтініш жасауына болады. Бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети