Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июля 2020 13:48

"Бұл ИВЛ емес". Айтыскер мен блогер Түркиядан 125 аппарат алып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отандық блогер Дәулет Төлеутайұлы коронавирус жұқтырғандарға көмектесу үшін 63 оттекті концентратор аппаратына ақша жинап, оны кеше түнде Түркиядан алдыртты. Ол елге аппарат жеткізу үшін танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаевамен бірлескен. Айтуынша, оны елге алып келу кезінде қиындықтарға тап болған. Tengrinews.kz тілшісі блогермен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді.


Отандық блогер Дәулет Төлеутайұлы коронавирус жұқтырғандарға көмектесу үшін 63 оттекті концентратор аппаратына ақша жинап, оны кеше түнде Түркиядан алдыртты. Ол елге аппарат жеткізу үшін танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаевамен бірлескен. Айтуынша, оны елге алып келу кезінде қиындықтарға тап болған. Tengrinews.kz тілшісі блогермен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді.

Бұған дейін порталымызда Дәулет Төлеутайұлының 5 сағатта 12 миллион теңге жинап, енді Түркиядан жасанды тыныс алу аппаратын сатып алатынын жазған болатынбыз. Кейін блогер оның жасанды тыныс алу емес, оттекті концентратор аппараты екенін айтты.


Дәулет Төлеутайұлы мен Айнұр Тұрсынбаева. Фото: instagram.com/aidyn_nury 

"Біз басында аппарат аламыз дегенде көбі оны жасанды тыныс алу аппараты деп ойлаған. Бірақ біздің алып жатқанымыз - оттекті концентратор аппараты. Жасанды тыныс алу аппаратының құны 20 миллион теңгеден асады. Ал біз алып жатқан аппараттың бағасы - 225-230 мың теңге", - дейді Дәулет.

Оның айтуынша, аппарат Түркиядан Қазақстанға түнде жеткізілген.

"Аппарат Нұр-Сұлтан әуежайына түнде жетті. Бірақ кедендік құжатты рәсімдеуге жоғары жақтың қолы керек болды. Түнгі сағат 3-4-те ешкім қол қойып бере алмады. Бүгін сағат таңғы 9-дан бері сол құжат мәселесімен жүріп, оны рәсімдедік. Енді 11-ден бастап әуежайдағы 125 аппарат тиеліп жатыр. Оның 63-ін "Дәулеттен" қоры алды, 37-сін Айнұр Тұрсынбаеваның қоры, қалған 25-ін кәсіпкерлер сатып алды. Оларды аппаратты біз арқылы алды", - дейді Төлеутайұлы.

Блогердің айтуынша, Түркиядан аппарат алуға бірнеше адам атсалысқан. Кәсіпкер Жанат Бақыт, қоғам белсенділері Элмира Ешниязова мен Динара Сәтжан көмектескенін айтады.  

Аппараттарды әуежайдан шығару үшін түнгі 3-те отызға жуық адам жиналған екен. Оның ішінде депутат та бар.

"Түнгі 3-те 20-дан аса волонтер, Сенат депутаты Дана Нұржігіт, "Дәулеттен" қорының директоры Ұлан Дәулетқали, "Айдың нұры" қорының директоры келіп, таңға дейін жүрді. Қазір мәселе шешілді", - дейді ол.

Бұл "Дәулеттен" қорының коронавирус жұқтырған науқастарға соңғы рет көмектесуі емес. Блогер алдағы уақытта Қытайдан тағы аппарат әкелмек.

"Бұл аппараттарды сатып алып, елге әкелуге көп күш жұмсалды. Енді алда елге тағы 875 аппарат әкелу жоспарда бар. Оны Қытайдан алып келеміз. Сонда "Дәулеттен" және "Айдың нұры" қоры мың дана аппарат аламыз", - деді Дәулет Төлеутайұлы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61 755-ке жетті. Оның 35 911-і аурудан жазылса, 396 науқас қайтыс болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети