Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июня 2019 19:40

Бұл жұмыста "фанатиктер" ғана қалдық - Нейрохирургтің ашық әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоғызыншы сыныптан кейін медицина саласын таңдап, 11 жыл оның оқуын оқып, мамандығым бойынша жұмысқа тұрдым. Нейрохирургпын. Әрине, күнделікті ота жасаудан шаршайсың, стресс аласың, оның үстіне қағазбастылық та бар, науқастармен де мәселе туындап жатады. Жұмыс кестесі тұрақты емес. Түннің бір ортасында ауруханаға шақыртып алуы мүмкін. Десе де бар қиындыққа қарамастан маған өзімнің жұмысым ұнайды. Ондайға төзе білетіндер өте аз. "Фанатиктер" ғана қалдық, яғни өз мамандығын шынымен сүйетіндер. 


Тоғызыншы сыныптан кейін медицина саласын таңдап, 11 жыл оның оқуын оқып, мамандығым бойынша жұмысқа тұрдым. Нейрохирургпын. Әрине, күнделікті ота жасаудан шаршайсың, стресс аласың, оның үстіне қағазбастылық та бар, науқастармен де мәселе туындап жатады. Жұмыс кестесі тұрақты емес. Түннің бір ортасында ауруханаға шақыртып алуы мүмкін. Десе де бар қиындыққа қарамастан маған өзімнің жұмысым ұнайды. Ондайға төзе білетіндер өте аз. "Фанатиктер" ғана қалдық, яғни өз мамандығын шынымен сүйетіндер. 

Стрессті барлығы бірдей көтере алмайды 

Нейрохирургтер жасайтын отасына қарай іштей бөлінеді. Бірі ми ісігімен, екіншісі жалпы жарақаттармен, тамырмен, төртіншісі омыртқа жарақаттарымен айналысады. Жұмыс уақыты сағат 8.00-де басталады. Кейде сол уақытта ота басталып та кетеді. Ол бір сағаттан он сағатқа дейін созылуы мүмкін. Күніне 3-5 ота жасалады. 30 шақты науқас келеді. Үйге кейде түнде қайтамыз. Адамдар дәрігердің жұмысын оңай деп ойлайды. Шын мәнінде бұл өте үлкен жауапкершілік. Сен адамның өміріне жауаптысың. Күнделікті стресс аласың. Ондайды әркім көтере бермейді. Менің ойымша, атқаратын жұмысымыз тиісінше бағалануы тиіс. Шетелде нейрохирургтер ең бай адамдар қатарына жатады. Жалақылары жоғары. Ал бізде жас мамандар 70 мың теңге алады. Ал тәжірибелі мамандар 100 мыңнан асатын жалақы алады. Ашығын айтайық, атқаратын жұмысымызға жалақы көлемі сәйкес келмейді. 

Совет үкіметінен қалған әдет 

Университет қабырғасында жүргенде тәжірибе жинау үшін ауруханаларға барасың, ондағы ішкі жағдайды көресің, бірте-бірте отаға кіргізе бастайды, басында қарап тұрасың, кейін болып жатқан барлық процеске, қанға бойың да, көзің де үйрене бастайды, кейін отаны өзің жасағың келеді, осылайша ақырындап дәрігерлерге көмектесе бастайсың. Нейрохирург болу үшін университеттен кейін резидентурада 4 жыл міндетті түрде оқуың керек.

Өзім осы салада жүргеніме 4 жыл болды. Осы уақыт ішінде түрлі науқасты көрдім. Бізде Совет үкіметінен қалып қойған әдет бар. Науқастар жасаған жұмысың үшін шын жүректен деп сыйлық, тамақ алып келеді. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Дәрігер ештеңеден ұялмай, отбасын қалай асыраймын деп ақша табу жолында қиналмай, тиісті жалақысын алып, дәрігерлік борышын атқарып, тек науқастың қал-жағдайына алаңдауы тиіс. Біздің ауруханада резидентшілер жұмыс істейді, айына 60 мың теңге шәкіртақы алады. Кейбіреуінің отбасы бар. Олар ақша табамыз деп түнде қалада көлікпен адам тасиды. Дәрігер материалдық жағдайын ойламауы керек, керісінше қалай оқып, дамимын, білім аламын деуі керек. Ал біздің жағдайда бұл мүмкін емес.

Ғажайып оқиға

Бір күні биіктен құлаған бір жігітке ота жасадық. Өмір бойы жүрмей қалады-ау деп ойлап едік. Бірақ жарты жылдан соң ауруханамызға өз аяғымен келді. Аяғына нық тұрыпты, туысқанымызды көргендей қуанып көрістік. Адам отадан кейін оңалып кететін жағдайлар көп. Кейбіреуі біздің құрметімізге немересінің атын қояды, кейбіреуі арнайы өлең шығарып жатады. Әрине, бұл бізді қатты қуантады. Еңбегіңді бағалайтынын көресің. Кейде жұмыс тым көбейіп кетеді. Ондайда ауызбіршілігі жарасқан ұжым жақсы көмек болады. Кез келген ыңғайсыз жерде тамақтану, отырып ұйықтау дәрігерлерге тән. Кейде қиын күндерден кейін стресстен арылу үшін ұжыммен футбол, волейбол ойнауға, жаттығуға барамыз. Әркім стресспен әр қалай күреседі. 

Жағымсыз жаңалықтар беделді әбден түсірді 

Қазіргі таңда дәрігерлердің беделі әбден түскен. БАҚ-та, Instagram-да шығатын жағымсыз жаңалықтардың кесірінен халықта сенімсіздік пайда болған. Бір дәрігердің қаншама жыл қасықтап жинаған абыройы бір қателігі үшін төгіледі де кетеді. Елімізде мыңдаған ота түрі жасалады. Сол туралы көп жазылса екен. Себебі негатив жаңалықтардың артында көпжылдық еңбек еш кеткендей болады.

Үміт үзілмейді 

Хирургияда қолынан іс келетін адамдар жұмыс істейді. Олар жұмыстан кетіп қалса Қазақстандағы медицинаның жағдайы нашарлайды. Кадрлық жетіспеушілік те бар. Мысалы реаниматолог, кардиолог, терапевт жетіспейді. Білікті мамандар шетелге кетеді немесе жауапкершілігі азырақ, бірақ жалақысы көбірек жұмыстарға ауысып жатады. Жылда 5-10 пайызға жалақымызды көтереді. Бірақ оған қосылған 5 мың теңге неге жетсін? Көлемді өзгерістер керек секілді. Ал жекеменшік ауруханаларда жағдай кішкене өзгеше, оған тәжірибесі мол дәрігерлерді ғана қабылдайды. Қазір президентіміз ауысты. Елеулі өзгерістер болады деп үміттенеміз.

Жазып алған Камила Долаева

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети