Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 ноября 2023 09:35

"Бурж-Халифадан да қымбат". LRT жобасына қанша қаражат жұмсалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қоғамда "Жемқорлық ескеркіші" деп аталып кеткен LRT жобасы қайта жанданды. Бюджеттен қаржы да бөлініп, қала әкімдігі тарапынан 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі деген уәде берілді. Massaget.kz тілшісі LRT туралы деректерге шолу жасады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

LRT-ға бөлінген қаржы

2015 жылдан бері LRT салуға бюджеттен 156,3 миллиард теңге бөлінді. Astana LRT құрылысы 2020 жылы маусымның соңына дейін аяқталуға тиіс еді, бірақ қаржыландыру мәселесіне байланысты жоба 2018 жылы тоқтатылды. Көп ұзамай атышулы құрылыстың басы-қасында жүрген бірқатар лауазымды тұлғаларға "ақша жымқырды" деген айып тағылды.

©️ Tengrinews.kz

Жобаның бастапқы құны 1,8 миллиард доллар болған. Бірақ ол қаржы Қытай даму банкінен 20 жылға кредит ретінде алынды, демек осы екі онжылдық бойы пайызын төлегенде, жоба құны 2,6 миллиард долларға дейін жететін еді. 2019 жылы жоба оңтайландырылып, 1,2 миллиард доллар үнемделді. Бүгінгі таңда құрылыстың ақырғы құны шамамен 1,5 миллиард доллар тұрады.

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, бұл құрылыс салыстырмалы түрде әлемдегі ең үлкен әрі танымал ғимараттардың бірнешеуінен қымбат. Astana LRT шығыны Малайзиядағы әйгілі Petronas Towers (1,16 миллиард доллар) пен Дубайдағы "Бурж-Халифа" зәулім ғимаратынан (1,5 миллиард доллар) қымбат шыққан.

Бурж-Халифа/ашық дереккөз

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети