Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 декабря 2023 09:51

Былтыр бір бала көз жұмды. Ақтөбеде бұралқы иттер малға шабуыл жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбенің іргесіндегі Бауырластар ауылының тұрғындары "көресіні қаңғыбас иттерден көріп отырмыз" дейді. Тұрғындар күндіз көшеде еркін жүруден қалған.


Ақтөбенің іргесіндегі Бауырластар ауылының тұрғындары "көресіні қаңғыбас иттерден көріп отырмыз" дейді. Тұрғындар күндіз көшеде еркін жүруден қалған.

Бауырластар ауылының тұрғындары "бұралқы иттер бір күні адам жей ме?" деп қауіптенеді. Себебі ауыл ішінде иттер өріп жүр. Аулаларды тіміскілеп, жалғыз жүрсең тап береді. Бала түгілі үлкендерге шабуыл жасайды. Тіпті қорада тұрған малды талап тастаған. Кеше ауыл тұрғыны Дәулет Әлиевтің қорада тұрған сауын ешкісін бір топ ит талап тастаған.

Ауыл жұртшылығы "көшеде қолымызға таяқ ұстап жүреміз" дейді. Гүлназ Кенжебаева бұралқы иттер құстарын қырып кеткенін айтты.

"Бес-алты ит құстарымды қырып кетті. Үйдің қасындағы қоқысты шашып тастайды. Өткенде көріп қалып айқайлап едім. Өзіме қарсы шапты. Адамнан қаймықпайды. Әсіресе балалар үшін қорқамыз. Қызымды "Батыс-2" ауданындағы мектепке апарамын. Әкесі үйде болса өзі апарып тастайды. Мен үйде мүмкіндігі шектеулі баламен отырмын. Күйеуім болмаса балаларды тіпті аулаға жіберуге қорқамын. Балама 6 мың теңгеге ит үркітетін таяқ алып бердім. Сонда да қорқамын. Бұл иттерге бір тоқтау болмаса, "Жаман айтпай жақсы жоқ" деген бір күні адам жейді. Қанша бала таланды. Тіпті былтыр бір бала өлді. Бірақ осы мәселе әлі шешілмей келеді", - дейді Гүлназ.

Материалдың жалғасы Massaget.kz сайтында.

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.1   490.7   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети