Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 февраля 2021 09:52

Бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволар аталды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтарындағы мемлекеттік бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтарындағы мемлекеттік бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығысы - 91 пайыз, республикалық бюджеттің шығысы - 94,4 пайыз, жергілікті бюджеттердің шығысы 80,6 пайыз атқарылды. Алайда бюджет қаржысын "дұрыс" игермеген өңірлер бар. 

"Жергілікті бюджеттердің шығысы 203 миллиард теңге болды. Атқарылмағаны - 49 миллиард теңге. Биыл өңірлерге 1,9 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 ақпанға  32 миллиард теңге бөлінген. Олардың 79,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 6 миллиард теңге, оның ішінде 2 миллиард теңге - үнемдеу, 4 миллиард теңге игерілмеді. Неғұрлым көп игерілмеу мына өңірлерде: Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Атырау облыстарында болды", - деді министр Үкімет отырысында.

Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игермеген мемлекеттік органдарды да атап өтті.

"Республикалық бюджет бойынша 1 триллион 212 миллиард теңге шығыстар жүргізілді.
Орындалмау 72 миллиард теңге, оның ішінде үнемдеу 7 миллиард теңге болды. Игерілмеу сомасы - 65 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы мына орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктері", - деді министр.

Айта кетейік, қазір Үкімет отырысында республикалық бюджеттің қаңтар айындағы игерілуі туралы айтылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.58   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети