"Біз тоқтамаймыз" - Атамқұлов ақылы жолға қарсы болғандарға жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақылы жолға қарсы шыққан жүргізушілер. Видео кадры Ақылы жолға қарсы шыққан жүргізушілер. Видео кадры

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ақылы жолға қарсы болған жүргізушілерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ақылы жолға қарсы болған жүргізушілерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство басшысының айтуынша, жолды ақылы қылу жобасы бюджеттен бөлінетін қаражатты азайту үшін жасалған. 

"Бірнеше күннен бері көлік қауымдастығы, жүк көлігінің жүргізушілері, жүк тасымалдайтындар жол ақылы болатынына наразы болып отыр. Менің айтқым келетіні, жолды ақылы қылу - әлемдік тәжірибе. Өз-өзін ақтау арқылы, бірінші кезекте, қаражат бұл жолдарды күтуге кетеді. Бізде 25 мың шақырым республикалық жол бар. Оны күту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 40-42 миллиард теңге бөлінеді. Жолды ақылы қылудың арқасында осы қаражатты азайтамыз", - деді Атамқұлов халық алдында есеп беру кездесуінде. 

Сондай-ақ, ол бүгінде ақылы жолдардан жыл сайын миллиардтаған ақша түсетінін айтты. 

"2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан - Щучинск, Нұр-Сұлтан - Теміртау, Алматы - Қорғас, Алматы - Қапшағай бағытындағы жолдарды ақылы қылудың арқасында бюджеттен бөлінетін соманы азайттық. Былтыр бұл жолдар 5,7 миллиард теңге пайда әкелді, оның 5,4-і жол күтіміне кетті. Қалғаны бюджетке жіберілді, - деді Атамқұлов. 

Ол министрлік болашақта ақырындап ақылы жолдарды енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Бірінші кезекте, ақауы жоқ жолдарды ақылы деп таңдаймыз. Бұл процесс ақырындап жалғасады, біз тоқтамаймыз", - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов республикада 2013 жылдан бері ақылы жолдар тарифі өзгермегенін айтты.

Еске салайық, мамырдың аяғында Қазақстанның бірнеше өңірінде жүк тасымалдайтын жүргізушілер наразылық шарасын өткізген болатын. Нұр-Сұлтанда жүргізушілер елордаға кіретін жолды жауып тастаған. Ал Оралда 50 шақты жүргізуші жиналып, ауыр жүк тасымалдайтындар үшін жолды ақылы қылу жүйесіне қарсы болған.

Жүргізушілердің пікірінше, барлық ақылы жол халықаралық стандарт бойынша жөнделуі керек, таза дәретхана, жарық салынуы керек. Сондай-ақ, ақылы жолдарда қардай қорғайтын бөгеттер қойылуы қажет. Сонымен қатар, жүргізушілер ақылы жол тарифін минутына 25 теңгеден, 5 теңгеге азайтуды талап еткен. 

Ал "ҚазАвтоЖол" компаниясы тариф мәселесін екі апта ішінде шешуге уәде берген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 25
Актау 23
Актобе 21
Атырау 26
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 31
К
Караганда 15
Кокшетау 20
Костанай 23
Кызылорда 26
П
Павлодар 21
Петропавловск 36
С
Семей 37
Т
Талдыкорган 35
Тараз 28
Туркестан 24
У
Уральск 31
Усть-Каменогорск 33
Ш
Шымкент 31

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer