Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 июня 2019 15:33

Чекті сақтау неге маңызды - Адвокат түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Банк картасы арқылы ақша алған кезде, несие қарызын төлеп жатқан уақытта не тағы басқа ақша операциясы кезінде терминал чек ұсынады. Бұл чектің заң жүзінде қандай маңызы бар? Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Тілеужан Жұмабекұлы чекті сақтау неге маңызды екенін түсіндірді.


Банк картасы арқылы ақша алған кезде, несие қарызын төлеп жатқан уақытта не тағы басқа ақша операциясы кезінде терминал чек ұсынады. Бұл чектің заң жүзінде қандай маңызы бар? Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Тілеужан Жұмабекұлы чекті сақтау неге маңызды екенін түсіндірді.

Маманның айтуынша, чек қызметтері жайлы ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында көрсетілген.

"Банкоматтағы және дүкеннен алған чек адамның төлем төлегенін растайды. Қарапайым тілмен түсіндіргенде, бір себептермен дүкеннен алған тауарды қайтару керек болса немесе банк арқылы аударған төлеміңіз өтпей қалған жағдайда, шынымен төлегеніңізге айғақ болатын - чек. Бір себептермен банк қызметкерлері төлем орындалмады деген жағдайда, кейін чек арқылы төлемді растауға болады. Жалпы чектің тағы бір атқаратын қызметі - банк арқылы жасалған төлем сомасы немесе бір заттың шынайы бағасына көз жеткізу. Сондай-ақ көп адам чекті сақтамай тастай салуы мүмкін. Бірақ тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда, даулы мәселе туындамау үшін чекті біршама уақытқа сақтау керек", - дейді ол. 

Қорғаушының сөзінше, банкомат арқылы төлем жасағаннан кейін, оның чегін сақтау маңызды екенін атап өтті.

"Банкомат арқылы жасалған кез келген төлемнің чегін сақтап жүру керек. Себебі салық немесе айыппұлдарды төлегеннен кейін де, төлемдер базада көрсетілмей тұр деген мәселелер туындауы мүмкін. Жеке басымнан осындай бір оқиға өтті. Бірде көлігіме айыппұл салынған еді. Бірақ мен оны толықтай төлеген едім. Кейін көлігімді есептен шығару кезінде, полиция қызметкерлері айппұлымның төленбегенін айтты. Олар маған айыппұлды төлегенімді растау үшін, түбіртекті көрсетуді талап етті. Бірақ ол уақытқа дейін чегім сақталмағаны үшін айыппұлды қайта төлеуіме тура келді. Мұндай жағдай көп кездеседі. Сондықтан чек бекерден-бекер берілмейді. Тауардың сапасына көңіл толмаған жағдайда оны қайтару үшін және несие немесе басқа төлемдер базада көрінбеген жағдайда чек арқылы дәлел келтіре аласыз", - дейді маман.

Тілеужан Жұмабекұлының сөзінше, чектің белгілі бір уақытқа дейін сақталуы керек деген мәселе заңда нақ көрсетілмеген. Бірақ дүкеннен бір тауар алған жағдайда чектің сақталу мерзімі бекітіледі.

"Негізі чекті сақтаған абзал, себебі бес немесе он жылдан кейін айыппұл, несие төленбей қалды деген хабарлама келгенде, чек арқылы мәселені шешуге болады. Ал тауар алған жағдайда, тауардың өзіне берілетін кепілдігіне байланысты чекті де сол уақытқа дейін сақтау керек. Мысалы азық-түлік, тауардың сапасы көңілізден шықпаған жағдайда, сол тауарларды сатып алған жерден бөлек, тұтынушыларды қорғау одағына да шағымдануға болады. Бұл жағдайда ең басты дәлел ретінде чек рөл ойнайды", - дейді ол.  

Сонымен қатар, маман банкомат чек беріп, бірақ ақша бермей қойған кезде де чек арқылы банк бөлімшесіне барып, мән-жайды түсіндіруге болатынын айтты. Яғни маман чектен бірден құтылу емес, оның біршама уақыт қолыңыздағы жүргені дұрыс дейді.

Оқи отырыңыз:

Чекте тауар бірнеше рет жазылып кетсе не істеу керек

Чек сақталмаған жағдайда тауарды қайтарудың жолдары

Қолхатсыз берген қарызды қалай қайтаруға болады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети