Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 февраля 2021 14:39

"Дене қызуым көтеріліп, қалтырадым". Алматылық дәрігер вакцинадан кейінгі жағдайын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиологы Эльвира Ибрагимова коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиологы Эльвира Ибрагимова коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен де вакцина салдырдым. Сол күні дене қызуым көтерілді, қалтырадым. Бір күн ғана болды. Кейін басылды. Мұндай реакция кез келген вакцинадан кейін болады. Қалыпты жағдай. Алматыда вакцина салдырған медицина қызметкерлерінің арасында ешқандай жанама әсері болған жағдай тіркелмеді. Вакцинадан кейін олардың бәріне хабарласып, жағдайы сұралады. Алматыдағы медициналық ұйымдардың деректеріне сүйенсек әзірге қалада вакцинаның жанама әсері анықталған жағдай тіркелген жоқ", - деді Эльвира Ибрагимова ӨКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазір Алматыда 1315 медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы вакцина салынды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети