Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 мая 2021 12:09

Депутат санитария дәрігерлері шығаратын қаулыны сандырақ деді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Депутаттар санитария дәрігерлері шығаратын қаулыны сандырақ деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған депутат өңірлердің санитар дәрігерлері бекітетін шектеу шараларының миға қонымсыз екенін айтты.


Депутаттар санитария дәрігерлері шығаратын қаулыны сандырақ деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған депутат өңірлердің санитар дәрігерлері бекітетін шектеу шараларының миға қонымсыз екенін айтты.

"Ақ жол" партиясы депутаттарының атынан сөйлеген Мақсат Раманқұловтың айтуынша, коронавирустың таралуына қатысты бекітілетін шектеу шараларымен келіспейтін кәсіпкерлер өте көп.

"Жұмыстарына қатысты түрлі шектеулермен келіспейтін кәсіпкерлер партияға көп жүгінеді. Ол шектеулер экономикаға ғана емес, ақыл-ойға да қайшы келеді. Елде әлі де белгілі бір карантин аймақтарындағы шектеу шараларына қойылатын бірыңғай талаптар жоқ және әр аймақтың санитария дәрігерлері өз түсінігін ескере отырып шешім қабылдайды. Нәтижесінде, қойылған шектеулер кейде сандырақ театрын еске салады", - деді депутат. 

Депутаттың мәліметі бойынша, елордада мейрамхана мен дәмханалардың жазғы алаңдары 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Теміртау қаласында мұндай орындардың 20.00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынған.

"Нұр-Сұлтан да, Теміртау да "қызыл" аймақта, сонда Теміртаудың "қызыл" аймағы Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймағынан қызылырақ па?" - дейді Раманқұлов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер үшін шектеу шаралары түрлі қиындық туғызып отыр. Олар жұмыс уақытының қысқаруы салдарынан қызметкерлеріне жалақыны дұрыс төлей алмай, ғимаратты жалға алу ақысы мен салықты төлеуде қиналады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети