Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 августа 2020 16:41

ДСМ мейрамханада түтін коктейлін сату мәселесін бақылауға алады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: maincream.com Фото: maincream.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов түтін коктейлін мейрамханада сату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов түтін коктейлін мейрамханада сату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдық орындарда қорқор тартуға тыйым салынды. Енді мейрамханалар мәзірге түтін коктейлін қосыпты. Бұл заңды ма? Адамдарға қауіп төніп тұрған жоқ па?" - деп сұрақ қойды журналист ресми өкілге орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдат Қожахметов кейбір кәсіпкер тәртіпке бағынбайтынын ашық айтып, бұл мәселе бақылауға алынатынын жеткізді.

"Менің де балаларым бар. Мен де қоғамдық тамақтану орындарына барамын. Кейбір орындарда тәртіп сақталмайтынын байқап жүрмін. Мысалы, қорқорды тұтыну, темекіні сатып алу бойынша. Енді оған тағы бір мәселе қосылды. Журналистерге рақмет. Бұл мәліметті еліміздің бас санитар дәрігеріне жеткіземін. Түтін коктейлін тұтыну бойынша арнайы бір ереже бар шығар. Менің ойымша, бұл мәселеге бас санитар дәрігерлер назар аудару керек. Кейін бұл мәселеге қатысты пікір білдіреміз", - деді ол.

Маман елімізде кинотеатрлар неге ашылмағанын түсіндірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети