Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 ноября 2020 13:00

"Екі баламның дені сау". АИТВ жұқтырғанына 12 жыл болған елордалық ана

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: theins.ru Фото: theins.ru

12 жыл АИТВ (ВИЧ) статусымен өмір сүріп жатқан елордалық жас ана Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелесті. Есімі мен суретін көрсетуден бас тартқан Айгүл (кейіпкердің есімі емес) екі баласын да АИТВ жұқтырғаннан кейін дүниеге әкелген. Екеуіне де вирус жұқпаған.


12 жыл АИТВ (ВИЧ) статусымен өмір сүріп жатқан елордалық жас ана Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелесті. Есімі мен суретін көрсетуден бас тартқан Айгүл (кейіпкердің есімі емес) екі баласын да АИТВ жұқтырғаннан кейін дүниеге әкелген. Екеуіне де вирус жұқпаған.

АИТВ статусын қашан білдіңіз?

Мен статусымды (вирус жұқтырғанымды) 2008 жылы қызымды босанғаннан кейін білдім. Аяғым ауыр кезде анализ тапсырғанда ештеңе анықталмаған, бәрі жақсы болды. Статусым туралы естігенде ешқандай проблема болған жоқ. Себебі қызым психикалық дамуы тежелген деген диагнозбен туды. Сол кезде даун болуы мүмкін деген сияқты түрлі диагноз қойды. Ал енді ана болғандар үшін өзінің статусы емес, баласының денсаулығы маңызды болады деп ойлаймын. Сондықтан статусымды білгеннен қиындық болмады. Бұл статуспен 12 жыл өмір сүріп жатырмын.

Балаларыңызға жұқты ма?

Дәрігерлер бірден дәрі жазып берді. Алғаш дәріні 21 жасымда іше бастадым. Содан бері ішіп жүрмін. Қызымнан кейін ұл босандым. Екеуінде де теріс. Екі балама да жұқпады. Мен де ғана оң. Ішімде вирус бар ма, жоқ па екені білінбейді. Еш сезілмейді, түк мазаламайды. 

Иммун тапшылығы вирусы болған соң жиі ауырасыз ба?

Мен бір күні суық тиіп ауырдым, қызуым көтерілді. Сол кезде анализ тапсырғанда жүкті екенімді білдім. Бірақ ол кезде ешқандай вирус, гепатит анықталмаған. Тек босанғаннан кейін білгенде де қорықпадым. Мен қызымның диагнозынан қорықтым, соны уайымдадым. Қазір мен суық тиіп, түрлі аурумен ауырып қалсам да, ол вирустан емес. Кез келген адам солай ауырады ғой. Тура сондай. Сондықтан бұған тыныш қараймын.

Кімнен жұқтырдыңыз?

Бірінші күйеуім - қызымның әкесі Алматыда 5 жыл есепте тұрған екен. Ал мен оны білмедім. Босанғаннан кейін диагнозымды білгенде қызыма жұқты ма, жоқ па - білу үшін 1,5 жыл анализ тапсырдық. Сол кезде мен қызымды уайымдап жүрдім. Ал күйеуім нашақор еді. Оны да босанған кейін білдім. Есірткіні асыра пайдаланғаннан қайтыс болды. Егер ол уақытылы дәрісін ішкенде, денсаулығын күткенде, есірткі пайдаланбағанда маған жұқтырмайтын еді. Бірақ ол дәрі ішпеді, есірткі пайдаланды, қалай болса, солай өмір сүрді және соңында маған жұқтырды. Сондай жағдайлар болады.

Жыныстық қатынасқа түскенде қандай сақтық шаралары болуы керек?

Қазақстанда менталитет басқа. Көпшілік АИТВ мен ЖИТС-тің айырмашылығын түсінбейді. Олар "қашан біз жазыламыз?" деген сұрақты жиі қояды. Я болмаса қандай да бір дәрі бар шығар, сонымен жазылармын деп ойлайды. Ота жасармын деген үміт қойып алады. Бірақ әзірге мұны толық емдейтін дәрі жоқ. Тек оның деңгейін төмендетіп жүруге болады. Яғни, бізде вирустық жүктеме бар, CD-жасуша бар. Біз дәріні ішкенде вирустық жүктеме 0 (нөл) болады. Егер нөл болса, сіз төсек қатынасы арқылы ешкімге жұқтырмайсыз. Сіз тек ота жасағанда, баланы емізгенде қауіп болуы мүмкін. Дәрігер жазып берген рецептімен дәрі ішіп жүрсеңіз, ешқандай қауіп болмайды. 

Екінші балаңыздың әкесі кім? Оның статусы бар ма еді?

Мен екінші рет күйеуге шықтым. Оның АИТВ статусы болған жоқ. Дені сау еді. Онымен танысқанда статусым туралы айтып бердім. Үйленетін кезде осы орталыққа (Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына) келіп, дәрігерлерден кеңес алдық. Бәрін білді, түсінді. Сөйтіп оның келісімімен, қолхат жазып, үйлендік. Бірақ қазір біз бірге емеспіз.

Неге ажырастыңыз?

Мен өзіме емес, оның денсаулығын ойладым. Бір жағынан ертең ол басқа жақтан жұқтырып келсе, менен көруі мүмкін. Оны да ойладым. Себебі мен жұқтырмадым деп дәлелдеп бере алмаймын. 4 жыл бұрын ажырастық. Менен теріс диагнозбен кетті. Ренжіп кетті. Айырылысуды қаламады. Бірақ мен сияқты статусы бар адам алдымен өзін ойлауы керек. Себебі сол күйеуім бүгін айтпаса, ертең айтуы мүмкін. Өмір ғой. Сосын басқа бір жерден жұқтырып, ауырып қалса, менің үстімнен шағымдануына болады.

Егер ол шағымданса, қандай жаза болады?

Ең жаманы - тағы сол мен кінәсіз екенімді, мен оған жұқтырмағанымды дәлелдей алмаймын. Себебі заң жүзінде ол - күйеуім. Және оның басқа біреуден жұқтырғанын дәлелдейтін де анализ жоқ. Оның үйленер алдында берген қолхаты да сотта жарамсыз болып қалады. Сонда ол вирус жұқтырып, шағымданса, мен 5 жылға сотталуым мүмкін. Сол себепті үнемі уайымдап, тәуекел жасағанша, қатердің алдын алған дұрыс деп ойладым. Ажырастым. Ал қазір енді нотариус арқылы келісімді заңдастыруға болады. Оның сотта көмегі тиеді. 2010 жылы ондай заң жоқ еді. Тек қолхат берді. 

Сізді, яғни АИТВ жұқтырған адамды қоғам қалай қабылдайды?

АИТВ жұқтырған адамның құқы қорғалғанын көрмедім. Мен ұлымды босанғанда перзентханадағы дәрігерлердің менен қашқанын көрдім. Мен жеке палатада жаттым. Олар кірмейтін. Еден жуушы келіп, тамақ ішкізетін. Дәрігерлердің өзі ауа арқылы жұғады деп ойлады. Сол кезде маған ауыр болды. Бірақ уақыт өтті, қазір бәрі өзгерді. Осы жылы коронавирус инфекциясы көбейген кезде иммунитетім әлсіреп, ауруханаға жаттым. Жылына бір рет иммунитет көтеретін система қабылдау керек еді. Мен 8 жылдан бері салғызбадым. Содан иммунитетім әлсіреді ме, тамақтан уландым ба, әйтеуір ауырып қалдым. Сол кезде сол жағалаудағы ауруханаға жаттым. Сол кезде барлық дәрігер жақсы қарады. Ешқандай қиындық болмады. Ешкім қашпады. 

Мемлекеттен қандай көмек бар?

Мемлекет тарапынан әр үш ай сайын 13 мың теңге жәрдемақы беріледі. Нұр-Сұлтан үшін бұл өте аз, әрине. Бірақ жақында балаларға әр сайын жәрдемақы берілетін болыпты. Оның өзі қуантады. Мемлекет бізге дәріні тегін береді. Ол үшін мемлекетке алғысым шексіз. Себебі дәріні сатып беретін елдер де бар.

Қазір жалғызсыз ба?

Бес жыл балаларыммен жалғыз өмір сүрдім. Биыл оң статусы бар жігітпен таныстым. Екеуміз қазір бірге тұрамыз. Бәрі жақсы. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз.

Қайда жұмыс істейсіз?

"Жизнь вопреки" қоғамдық қорында жұмыс істеймін. Өзім сияқты статусы оң адамдарға көмектесеміз. Қорымызға көмек сұрап келгендерге бірден статусымды айтамын. Мен 12 жыл осы статуспен өмір сүріп жатқанымды түсіндіремін. Бізде 22 жыл статуспен жүргендер бар. Соларды шақырамыз. Адамдар басқа аурулармен де өмір сүреді. Қант диабеті, қатерлі ісікпен де күресіп жатыр. Осындай сырқаттармен салыстырамын. Әр сенбі сайын жиналамыз. Жаңадан қосылғандар осының бәрін көреді. Қордың мақсаты - жұқтырғандар санын азайту. Себебі кейде адамдар АИТВ статусын білмей, басқаларға жұқтырады. Осы тізбекті үзу керек. Әр сенбі сайын жиналғанда қандай қиындықтар болады, қандай жағдайлар болады дегенді талқылаймыз. Ал жалпы біз жүрген жерімізде АИТВ, ЖИТС деген не, қалай сақтану керек деген сияқты түрлі мәлімет айтамыз. Біреу білсе, екі адамға айтады, ол екеуі төрт адамға... солай қоғам ақпарат алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети