Екі қалада үйден шығуға тыйым салынады - министр

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі қалада үйден шығуға тыйым салынады - министр

Бүгін түнгі 00.00-ден бастан үйден шығуға шектеу қойылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін түнгі 00.00-ден бастан үйден шығуға шектеу қойылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан түсіп жатқан сұрақтардың көпшілігі көшеде жүру талаптарына қатысты болды. Осы орайда, қоғамдық көлікте, такси, тамақ жеткізу қызметкерлеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай, бүгін түнгі 12-ден бастан үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады. Сонымен бірге, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып жауап беру керек, - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданында коронавирустық инфекцияның жаңа ошағы анықталды. Енді қалада 24 ауру ошағы бар.

Сондай-ақ, Атырау облысында анықталған 3 науқастың қайдан келгені белгілі болды.

Ал, Павлодар облысында коронавирус індетін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді.

Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында – 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Қазақстан бойынша жалпы 125 науқас тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Курс валют

 524.58  course up  607.05  course up  6.47  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 6
Астана -3
Актау 10
Актобе 0
Атырау 6
Б
Балхаш 4
Ж
Жезказган -3
К
Караганда -3
Кокшетау -6
Костанай 2
Кызылорда -2
П
Павлодар -5
Петропавловск -1
С
Семей 7
Т
Талдыкорган 5
Тараз 2
Туркестан 4
У
Уральск 2
Усть-Каменогорск 8
Ш
Шымкент 4

 

Редакция Реклама
Социальные сети