1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Екі облыста су басу қаупі бар

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның екі өңірінде су басу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. 

"Наурыз айының синоптик жағдайы суды қауіпсіз өткізуге қолайлы болды. Сондай-ақ түнде күннің суық болғаны өзендердегі қардың біртіндеп еруіне мүмкіндік берді. Сәуір айының басында Нұра, Шерубай-Нұра, Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендерінің бассейндерінде су деңгейі көтерілді. Жалпы айтқанда, су басу қаупі болған 6 аймақтың екеуінде қауіп бар. Олар: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары", - деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері еліміздің қай өңірлерінде су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!