Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 ноября 2021 14:44

"Екінші маусым". Қазнеттегілер Алматыдағы LRT-ны әзілге айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы Алматыда LRT құрылысы басталады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бұл ақпаратқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Түрлі әзіл тарады. "Елордадағы LRT құрылысының сценарийі қайталанбасын" деген де пікірлер болды. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы LRT-ге қатысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты.


Келесі жылы Алматыда LRT құрылысы басталады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бұл ақпаратқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Түрлі әзіл тарады. "Елордадағы LRT құрылысының сценарийі қайталанбасын" деген де пікірлер болды. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы LRT-ге қатысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты.

Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов елордадағы жағдайды қайталамауға уәде берді.

"Астанадағы сценарий қайталанбайды. Қала әкімдігі қаражат бөлмейді, бұл - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Жоба іске асырылғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлінеді. Заңға сәйкес, барлық кәсіпорынға бөлінетін секілді субсидия бөлеміз", - деді Серік Құсайынов.

Бірақ Қазнеттегілер елордадағы сценарий жалғасады деп топшылап жатыр. Бұл "сериалдың" екінші маусымын күтіп жүргендер бар екен. 

Ал алматылықтардың ойы басқада. Олар Алматыдағы LRT мен бірнеше жылдан бері салынып жатқан Алтын Ордадағы құрылыстың қайсы бірінші бітеді деген сұраққа жауап іздеген.  

"Тағы да осы мәселеге оралдық..."

Елордада бітпей қалған LRT құрылысын қазақстандықтар жемқорлық ескерткіші деп атап кеткен еді. Енді Қазнеттегілер "Алматыда да сондай ескерткіш ашылуы мүмкін" деп қорқып жүр. 

Ал бірі бізде де сондай "ескерткіш" болады деп қуанған секілді. 

Желідегілер бұл құрылыс ақша жымқырумен аяқталмағанын қалайды.

"Қазір ақша ұрлау LRT деп аталады", - деп жазған желі қолданушысы.  

Қазнеттегілер астаналық LRT-нің мердігерлерін алыңдар деген де кеңес айтып жатыр. 

"Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан да назардан тыс қалмады. Елордадағы құрылыстың шығыны 5,8 миллиард теңге деп есептелген. "Енді Ардан Алматыға көз тігіп отырған шығар" деп әзілдейді желі қолданушылары.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев LRT құрылысына бюджеттен 300 миллион доллар керек екенін мәлімдеген болатын. Алматы әкімі өзінің кейінгі түсініктемелерінде қала бюджеті мұндай қымбат жобаны тарта алмайтынын, ал республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат метрополитен құрылысына жұмсалатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 2017 жылы Алматы әкімдігі LRT 2021 жылы қолданысқа берілетінін хабарлаған болатын. 2018 жылғы 29 тамызда "Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін салу" жобасы бойынша жекеменшік әріптестікті айқындау жөнінде халықаралық деңгейдегі екі кезеңнен тұратын конкурстың бірінші кезеңі жарияланды.

Жоба бойынша жекеменшік серіктесті іздеу конкурсының бірінші кезеңі 2019 жылдың қаңтарында аяқталды, бірақ конкурстың екінші кезеңі өткізілмеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети