28 ноября 2019 | 11:21

Елімізде 30 жыл өтілі бар мұғалімдерді зейнетке шығару туралы ұсыныс қабылданбады

© Тұрар Қазанғапов

Мұғалімдердің зейнетке ерте шығуы туралы норма қабылданған жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мұғалімдердің зейнетке ерте шығуы туралы норма қабылданған жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші вице-министр жұмыс тобының бұл мәселенің жан-жақты талқылағанын, алайда үкіметтегілердің бұл норманы қабылдамағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Неге десеңіз, біздің елде 1998 жылдан бастап ынтымақты зейнатақыдан жинақтаушы зейнетақы түріне ауыстық. Сондықтан бүгінде мұғалімдерге зейнетке ерте шығу құқығын беретін болсақ, зейнетақы жарналары толық көлемде жиналып үлгермейді. Сонымен қатар, зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне байланысты кепілденген базалық зейнетақы да өте төмен. Одан бөлек, ауыр жұмыс орындарында жұмыс істеп жүрген шахтерлер бар және басқа да жұмысшылар бар, олар да осы мәселені көтеруі мүмкін. Сол себепті де бұл мәселе қаралған жоқ", - деді  Жылқыбаев отырыс барысында.

Сондай-ақ, ведомство өкілі келесі жылы зейнетке шығатын мұғалімдердің зейнетақысы 2,5 миллион теңге екенін және оның өте аз көрсеткіш екенін айтып өтті.

Еске салайық, осыған дейін Білім және ғылым министрлігі "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке ерте шығаруды ұсынған еді.  Заң жобасында "педагог белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының 30 жылдық өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие" деп жазылған болатын. "17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар" деген ұсыныстар айтылған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная